Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 12 ақпанда орнатылды.

2002 ж. қыркүйек айында ашылған Қазақстанның Қабылдағы дипломатиялық миссиясы 2003 ж. маусымда Елшілікке айналды. 2011 ж. 13 маусымнан бастап Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасындағы (АИР) Елшісі болып Ө.Бітімов табылады.

АИР Елшілігі Алматыда 1993 ж. ашылды (2005 ж. Астанаға көшті). 2013 ж. желтоқсаннан бастап Ауғанстанның ҚР-дағы Елшісі – М.Ф.Бараки. Алматыда, сондай-ақ, АИР Бас консулдығы бар (Бас консул М.Муин).

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары дәрежедегі сапарлар

АИР бұрынғы президенті Х.Қарзай Қазақстанда бірнеше рет болды:

  • -2004 ж. 15-16 сәуірдегі ҚР-ға алғашқы ресми сапары шеңберінде, терроризм және есірткі бизнесіне қарсы күрес, қазақстандық компаниялардың ауған нарығына шығу жолдары, олардың Ауғанстан экономикасын қайта құру бағдарламаларына қатысу мәселелері талқыланды;
  • -2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ саммитіне қатысуы шеңберінде Президент Н.Назарбаевпен кездесуі өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті проблемалары талқыланды. Ауғандық көшбасшы Мемлекет басшысының осындай ірі іс-шараны ұйымдастыруындағы рөліне жоғары баға берді;
  • -2011 ж. 15 маусымда Астанада өткен ШЫҰ-ның мерейтойлы саммитіне қатысты;
  • Президент Х.Қарзай, сондай-ақ, Қазақстанда өткен АӨСШК барлық үш саммиттерінің жұмысына қатысты (2002, 2006 және 2010 жж.), бұрынғы президент ретінде 2016 ж. сәуірде Астанада өткен 13-ші Еуразиялық медиа-форумға қатысты;
  • -2015 ж. 9-10 шілдеде ҚР Президенті Н.Назарбаев Уфа қ. (РФ) өткен ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшыларының кеңесі шеңберінде АИР жаңадан сайланған президенті М.А.Ғанимен кездесті;
  • -2015 ж. 19-20 қарашада президент М.А.Ғанидің ҚР-ға алғашқы ресми сапары өтті (кеңейтілген және шағын құрамдарда ең жоғары дәрежедегі келіссөздер орын алды, алты бірқатар үкіметаралық/ведомствоаралық келісімдерге және өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды);
  • -2016 ж. 23-24 маусымда Ташкент қ. (Өзбекстан) өткен ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшыларының кеңесі барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АИР президенті М.А.Ғанимен кездесуі өтті.
  • Үкімет басшылары деңгейінде
  • -2007 ж. 13-15 маусым – АИР бірінші вице-президенті А.З.Масудтың жетекшілігімен министрлік пен ведомство басшыларынан, іскерлік қауымдастығы өкілдерінен тұратын ауғандық делегацияның Қазақстанға сапары. Саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, өңірлік қауіпсіздік проблемалары, есірткіні өндіру мен оны таратуға, халықаралық терроризмге қарсы күрес мәселелері талқыланды;
  • -2008 ж. 30 қазан - АИР бірінші вице-президенті А.З.Масудтың басшылығымен ауғандық делегация Астанада өткен ШЫҰ мүше-елдері үкімет басшыларының 7-ші отырысына қатысты;
  • -2014 ж. 21-23 мамыр - АИР екінші вице-президенті М.К.Халили басқарған үкіметтік делегация VII Астана экономикалық форумына (АЭФ) және ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысты. АЭФ шеңберінде ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов М.К.Халилимен кездесу өткізді. АИР Әйелдер істері жөніндегі министрі Х.Б.Газанфарды ҚР Парламенті Мәжілісі төрағысының орынбасары Д.Назарбаева және ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова қабылдады. Келіссөздер барысында тараптар екі елдің әйелдер ұйымдары арасында іскерлік байланыс орнатуға қызығушылық танытты;
  • -2014 ж. 14 желтоқсан – Астанада өткен ШЫҰ ҮБК кезекті отырысы шеңберінде ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов АИР атқарушы билігінің басшысы А.Абдулламен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды;
  • -2015 ж. 14-15 желтоқсан – Хэнань қаласында ҚХР-да өткен ШЫҰ ҮБК кезекті отырысы барысында ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов АИР атқарушы билігінің басшысы А.Абдулламен кездесу өткізді.
  • -2016 ж. 2-3 қарашада Бішкек қ. (Қырғызстан) өткен ШЫҰ ҮБК кезекті отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев А.Абдулламен кездесу өткізді.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары деңгейінде

  • -2009 ж. 22 қараша – ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Қабылға сапары өтіп, АИР Президенті Х.Қарзаймен, Сыртқы істер министрі Р.Спантамен, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – БҰҰ Ауғанстан бойынша миссиясының басшысы К.Эйдемен кездесулері орын алды;
  • -2010 ж. 17 мамыр - ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Қабылға кезекті сапары орын алып, АИР Президенті Х.Қарзайдың қабылдауында болды, Сыртқы істер министрі З.Расулмен және Еуроодақтың АИР-дағы арнайы өкілі В.Ушацкацпен келіссөздер өткізді. Сапар шеңберінде ҚР Үкіметі мен АИР Үкіметі арасында есірткі өнімдерінің, психотроптық бұйымдар және олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымы және оларды теріс пайдалануға қарсы күрестегі ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды;
  • -2010 ж. 20 шілде - ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Қабылда Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияға қатысып, АИР Президенті Х.Қарзаймен, БҰҰ Бас хатшысы П.Г.Мунмен және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен кездесулер өткізді;
  • -2012 ж. 13 маусым – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АИР-ға сапары. Х.Қарзай, парламенттің төменгі палатасының спикері А.Р.Ибрахими, Сыртқы істер министрі З.Расул, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – БҰҰ Ауғанстан бойынша миссиясының басшысы Я.Кубишпен келіссөздер өткізілді. ҚР мен АИР арасындағы саяси консультациялар жөніндегі Хаттамаға қол қойылды;
  • -2013 ж. 20-21 қаңтар – АИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Д.Лудиннің Астанаға жұмыс сапары. 2013 ж. 26 сәуірде Алматыда өткен Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі «Азия жүрегі» мүше-елдерінің Министрлік конференциясына дайындық мәселелері талқыланып, ҚР мен АИР СІМ-дері арасындағы алғашқы саяси консультациялар өтті;
  • -2015 ж. 9 мамыр – Қабылда ҚР-АИР сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кезекті саяси консультациялар. ҚР делегациясына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов басшылық етті. Консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынастардың жағдайы мен болашағына қатысты мәселелер талқыланды;
  • -2016 ж. 4-6 қазан – Брюссель қ. өткен Ауғанстан бойынша донорлық конференция шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов АИР СІМ басшысы С.Раббанимен кездесті;

2016 ж. 24 қараша - Министр Е.Ыдырысовтың АИР-ға жұмыс сапары өтіп, М.А.Ғанимен, оның ұлттық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Х.Атмармен, атқарушы биліктің басшысы А.Абдулламен, оның екінші орынбасары М.Мохаккекпен, сондай-ақ АИР сыртқы саяси ведомствосының жетекшісі С.Раббанимен кездесулері орын алды. Екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын, 2017-2018 жж. ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі (ҚК) мүшелігі барысындағы, сондай-ақ БҰҰ ҚК үш санкциялық комитеттеріндегі төрағалығы барысындағы ҚР мен АИР-дың өзара іс-әрекеттерін қамтыған мәселелердің кең тізімі талқыланды.

Парламент жетекшілері деңгейінде

  • -2012 ж. АИР парламенті төменгі палатасының (Волеси Джирга) спикері А.Ибрахими екі мәрте ауғандық делегциялардың басшысы ретінде Қазақстанда болып қайтты (14 наурыз – ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің отырысына, 28-29 тамыз – «Ядерлік сынақтарға тыйым салудан ядерсіз қарудан дербес әлемге» атты Халықаралық конференцияға қатысты). ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматуллинмен кездесулері орын алып, парламентаралық қатынастар орнату мәселелері де талқыланды;
  • -2013 ж. 11-12 мамырда АИР-ға ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев басқарған қазақстандық делегацияның сапары орын алды. Делегация мүшелері Волеси Джирга басшылығымен, АИР Президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Р.Спантамен, СІМ жетекшісі З.Расулмен, сондай-ақ ІІМ, ауыл шаруашылығы, қорғаныс, есірткіге қарсы күрес министрліктері, төтенше жағдайлар агенттігі, ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерімен және Ауғанстандағы шетелдік дипломаттармен кездесулер өткізді;
  • -2013 ж. 9-13 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісі басшылығының шақыруымен вице-спикер М.С.Сальджуки басқарған Волеси Джирга делегациясы Қазақстанға (Астана және Алматы) сапар жасады. Мәжіліс төрағасы Н.Нығматуллинмен, ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповпен, Мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы А.Байменовпен, Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы М.Әзілхановпен, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаевпен және Алматы қ. Мәслихатының хатшысы М.Мұқашевпен кездесулері өтті;
  • -2015 ж. 14-17 маусымда әйелдер мен балалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ш.П.Ахмади мен бюджет жөніндегі комиссия мүшесі Б.М.Джаузджаниден тұратын Волеси Джирга делегациясы Астана қ. өткен Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) 20-жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар.» атты халықаралық конференцияға қатысты. ҚХА төрағасының орынбасары Е.Л.Тоғжановпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М.Ықсановамен, Мәжілістің Волеси Джиргамен ынтымақтастық тобының мүшелерімен, ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбековпен кездесулері өтті.

-2016 ж. 31 мамыр – 1 маусымда АИР парламентінің мүшесі С.Сальджуки Астана қ. өткен «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына және Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының отырысына қатысты;

-2016 ж. 26-27 қыркүйекте АИР парламенті сенатының халықаралық қатынастар комиссиясының төрағасы А.Паштун Ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі Азиялық парламентаралық форумға қатысты (Астана қ., ұйымдастырушылар ҚР Парламентінің Мәжілісі мен ИСЕСКО);

Басқа мемлекеттік органдар деңгейінде

  • -2013 ж. 10 сәуірде ҚР Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбековтың Қабылға жұмыс сапары орын алып, АИР Президенті Х.Қарзай және қорғаныс министрлігі басшылығымен кездесулері өтті. Әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және Қазақстанда ауғандық әскери кадрларды дайындау мәселелері талқыланды;
  • -2014 ж. 26-27 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко Қабылда «Наурыз-2014» саммитіне қатысты. Екінші вице-президент М.К.Халили, сондай-ақ АИР сауда және өнеркәсіп, ауыл аймақтарын қалпына келтіру және даму министрлерімен кездесулері орын алды;
  • -2014 ж. 28-29 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов басқарып келген қазақстандық делегация АИР жаңадан сайланған Президенті М.А.Ғанидің ұлықтау рәсіміне қатысты. А.Сәрінжіпов М.А.Ғанидің қабылдауында болып, АИР бірінші вице-президенті А.Р.Достуммен кездесу өткізді;
  • -2015 ж. 6 қазанда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары О.Сапаров жұмыс сапарымен Қабылда болып қайтты. Оның делегациясының құрамына «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е.Ыдырысов және мамандар тобы енді. АИР қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің басшылығымен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Көпжақты форматтағы қатынастар даму үстінде

  • -Ауғанстан 2007 ж. 12 қарашада БҰҰ БА 6-шы комитетінде қабылданған «АӨСШК-ға БҰҰ БА-да бақылаушы мәртебесін беру» резолюциясы жобасының тең авторы болды. Қабыл БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне ҚР кандидатурасын қолдады;
  • -2009 ж. Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша ИКҰ Исламдық ниеттестік қорына 1 млн. АҚШ долларын бөлді.;
  • -2014 ж. Ауғанстан Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ресми қолдауын білдірді (2016 ж. 28 маусымда ауғандық тарап БҰҰ бас-пәтеріндегі сайлаулар барысында ҚР үшін дауысын берді);
  • -2015 ж. АИР Қазақстанның ядерсіз әлем бойынша бастамасына қолдау білдірді (анықтама: ауғандық тараптың Астананың АӨСШК-ні Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына айналдыру бойынша бастамасын қолдауға ниетті екендігі белгілі, бұл Қабылдың да өңірдегі мүдделеріне сай);
  • -2016 ж. АИР үкіметі Алматы қ. Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын азайту бойынша өңірлік орталықтың толыққанды мүшесі болуы туралы ниетін жария етті;

-2016 ж. 28-29 тамызда «Ufuq International News» жекеменшік ауған жаңалық агенттігінің иесі М.Нури «Ядерлік қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысты (Астана қ.);

Халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық

  • -Қазақстан АИР-мен халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде белсенді ынтымақтастық орнатты (ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚКҰ, ЦАРИКЦ және т.б.). ҚР ҰҚКҰ-Ауғанстан Жұмыс тобына, Ауғанстанды қалпына келтіру жобаларындағы ШЫҰ Байланыс және мүше-елдердің талпыныстарын үйлестіру тобына кіреді. АИР АӨСШК 2 бағыттары бойынша тең үйлестірушісі болып табылады: есірткі айналымын бақылау және жаңа қатерлер мен қауіптер;
  • -2011 ж. 28-30 маусымда АИР Сыртқы істер министрі З.Расул басқарған ауғандық делегация Астанада өткен ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысты;
  • -2011 ж. 2 қарашада Ыстанбұлда Ауғанстан бойынша халықаралық конференция орын алып, іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов қатысты. Бұл конференцияны ұйымдастыру – 2010 ж. 26 қаңтардағы «Азия жүрегіндегі достық және ынтымақтастық» атты Ауғанстанмен көршілес мемлекеттердің өңірлік саммитінің бастамасы;
  • -2011 ж. 5 желтоқсанда Бонн қаласында (ГФР) Ауғанстан бойынша халықаралық конференция орын алып, іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов қатысты. Бұл іс-шара қорытындылары бойынша халықаралық қауымдастық кезекті рет Ауғанстанға өздерінің көмектерін жалғастыратындарын растады, оның ішінде 2014 ж. соңына дейін шетелдік әскерлерді шығарғаннан кейін де;
  • -2012 ж. 13-14 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов өзінің ресми сапарын Қабылда өткен Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі «Азия жүрегі» елдерінің министрлік конференциясына қатысуымен үйлестірді. Қазақстан Пәкістанмен қатар төтенше жағдайларды басқару бойынша сенім шаралары тобын басқарады, ҚР сонымен қатар білім, өңірлік инфрақұрылым, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша топтарға да қатысады. Е.Қазыханов Президент Х.Қарзай, Волеси Джирга спикері А.Р.Ибрахими және әріптесі Р.Расулмен келіссөздер өткізді;
  • -2012 ж. 7 маусымдағы ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшылары кеңесінің шешімімен Ауғанстанға ұйымда бақылаушы-мемлекет мәртебесі берілді. Қазақстан бұл бастамаға қолдауын білдірді;
  • -2012 ж. 12 қыркүйекте Астанада өткен АӨСШК мерейтойлы 4-ші Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына АИР СІМ жетекшісінің орынбасары Д.Лудин қатысты;
  • -2013 ж. 26 сәуірде Алматыда Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Ауғанстан бойынша Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі «Азия жүрегі» елдерінің 3-ші министрлік конференциясы өтті. Іс-шара қорытындылары бойынша Алматы декларациясы қабылданды. Форум шеңберінде Мемлекет басшысы және ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов АИР СІМ жетекшісі З.Расулмен екіжақты кездесулер өткізді;
  • -2014 ж. 29-30 қазанда Бейжіңде Ыстанбұл үдерісі (ЫҮ) шеңберіндегі «Азия жүрегі» елдерінің 4-ші министрлік конференциясы өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов басқарды. Іс-шара нәтижелері бойынша Бейжің декларациясы қабылданып, онда ЫҮ-нің дамуындағы Алматы конференциясының қадамды іс-шара болғандығы баса айтылды (құжаттың мәтініндегі негізгі сілтемелер Алматы декларациясына жасалды);
  • -2014 ж. 3-4 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусиновтың басшылығымен қазақстандық делегация Ауғанстан бойынша Лондон донорлық конференциясына қатысты. Форум қатысушылары халықаралық қауымдастықтың 2014-2024 жж. аралығындағы «трансформациялық кезеңде» Ауғанстанға жәрдемін жалғастыруға ниетін растады;
  • -2015 ж. 28-29 тамызда ҚР-АИР сарапшылар қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Е.Каринның жұмыс сапары орын алды. АИР СІМ стратегиялық зерттеулер орталығы, Ауғанстанға көмек бойынша БҰҰ миссиясы және Ауғанстан стратегиялық зерттеулер институты басшылығымен кездесулер ұйымдастырылды. Е.Карин Елшілікте орын алған «дөңгелек үстел» қатысушыларын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 ж. 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауымен кеңінен таныстырып, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты;
  • -2015 ж. 3-4 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев Қабылда өткен Ауғанстан бойынша Өңірлік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 6-шы конференцияға қазақстандық делегацияны басқарып келді (Regional Economic Cooperation Conference on Afghanistan - RECCA-6). Қазақстандық тарап Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын (АҚИҰ) құру бойынша ширек презентациясын ұсынды. Т.Балықбаев ҚР-ИРА сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық (ҮАК) комиссиясының ауған тарапынан тең төрағасы – АИР тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрі Д.С.Сабамен, көлік және азаматтық авиация министрі Д.А.Наджафи, қаржы министрі Е.А.Хакими және АИР президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі Х.Атмармен кездесулер өткізіп, тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты;
  • -2015 ж. 9 желтоқсанда ҚСЗИ директоры Е.Карин Ауғанстанда өткен «Ауғанстан – Орталық Азия: Диалог-ІІІ» атты өңірлік конференцияның жұмысына қатысты (Балх провинциясы, Мазари-Шариф қ.);

-2016 ж. 28 сәуірде АИР ауыл шаруашылығы, ирригация және мал шаруашылығы министрі А.Замир Астана қ. өткен ИЫҰ мүше-мемлекеттері Бас ассамблеясы мен ауыл шаруашылығы министрлерінің 7-ші конференциясына қатысты;

-2016 ж. 27-28 қазанда АИР әділет министрі А.Хайдари Алматы қ. өткен «Шығыс-Батыс» ғылыми-тәжірибелік конференциясына және ШЫҰ мүше-елдері әділет министрлерінің 4-ші кездесуіне қатысты;

-2016 ж. 10-11 қарашада Астана қ. өткен АӨСШК Бесінші бизнес-форумына «Ghazanfar Group» компаниялар тобының бас атқарушы директоры И.Ғазанфар қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық:

2016 ж. қыорытындылары бойынша Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 489,4 млн. АҚШ долларын құрады: оның ішінде ҚР экспорты – 486,8 млн. долл., импорты – 2,6 млн. долл.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда жоғарыда аталған ҮАК маңызды рөл ойнайды. Қазақстандық тараптан ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев бұл комиссияның тең төрағасы болып табылады, ауғандық тараптан - АИР қаржы министрі Э.Хакими.

Осы кезге дейін ҮАК-ның 8 отырысы орын алды: 3 отырыс Астанада (2007 ж. 17-18 қыркүйек, 2010 ж. 6 мамыр және 2015 ж. 18-19 мамыр), 4 отырыс Қабылда (2008 ж. 13 желтоқсан, 2011 ж. 26-27 қыркүйек, 2013 ж. 16-17 қыркүйек және 2016 ж. 28 қыркүйек) және 1 отырыс Алматыда (2012 ж. 26-27 қыркүйек).

ҮАК шешімімен Ауғанстан СӨП «Ауғанстанның Алматы қ. іскерлік ассоциацясы» атымен Қазақстанда өзінің өкілдігін ашуда.

ҚР Үкіметінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің мүдделі министрліктері мен ведомстволарымен Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда. 2016 ж. 30-31 наурызда Қабыл қ. «Бизнес-Бизнес» іскерлік форумы өткізіліп, Қазақстанның Сауда үйі ашылды, АИР-ға қазақстандық бидай және ұн өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда, ҚР бизнес құрылымдарына Ауғанстандағы инвестициялық жобаларға қатысуларына қолдау көрсетілуде және т.б.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2009 ж. бастап ҚР оқу орындарында 1 мың ауғандық студенттерді оқыту бойынша Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда және бұл мақсатқа 50 млн. АҚШ доллары бөлінді. Қазіргі таңда шамамен 750 ауғандық студент Қазақстанда тәлім алуда (олардың ішінде 100 адам полиция және шекара оқу орындарында). 2016 ж. шілде айында қосымша 100 ауған студенттері кезекті іріктеуден өтті (2015 ж. шекарашы-тыңдаушылардың бір тобы ҚР-да оқуларын аяқтады, 2016 ж. – дәрігерлер тобы). Мемлекеттік бағдарлама одан әрі де жалғасатын болады (қазіргі таңда тараптар бұл мәселе бойынша бөлек Хаттаманың мәтінін келісуде).

Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, алғашқы қажеттілік тауарларымен гуманитарлық көмек көрсетуде (2002 ж. 3 мың тонна, 2008 ж. 2 мың тонна бидай бөлінді, 2009 ж. сәуірде - 1,3 тонна құрғақ сүт, 2010 ж. сәуірде – 6 мың тонна күріш, 2011 ж. сәуірде – 5 мың тонна күріш, 2013 ж. – 60 тонна қара күріш (гречка) және 160 мың литр өсімдік майы, 2014 ж. наурызда – 6 млн. АҚШ доллары көлеміндегі азық-түлік, 2014 ж. қыркүйекте - Бадахшан және Джаузджан проивнцияларының тұрғындарына 775 мың АҚШ доллары көлеміндегі азық-түлік пен киім-кешек, 2015 ж. желтоқсанда – 23 вагон өсімдік майы мен 4 вагон алғашқы қажеттілік тауарлары).

2008 ж. шілдеде Қазақстан АИР Қаржы министрлігінің есеп-шотына 2,38 млн. АҚШ долларын жолдады: Саманган провинциясында мектеп құрылысына (160 мың доллар), Бамиан провинциясында аурухана құрылысына (570 мың доллар) және Талуқан-Құндыз-Ширхан-Бандар тасжолын жөндеуге (1,65 млн. доллар). Автожол жөндеуі 2011 ж. қазан айында аяқталды, мектеп құрылысы – 2012 ж., ауғандық тараптың кінасымен тоқтатылып қалған аурухана құрылысы 2016 ж. қазан айында басталды.

ҚР Үкіметі (2014 ж. 24 желтоқсандағы №1365 қаулысы) Саманган провинциясы Айбак қ. 4 көпір құрылысы және Айбак өзенінің жағалауларын бекітуге 2014 ж. 30 желтоқсанда АИР Қаржы министрлігінің арнайы шотына 1,5 млн. АҚШ долларын аударды. Қазіргі таңда ауғандық тарап жобаны жүзеге асыруға кірісті.

2016 ж. қазан айында ҚР Үкіметі АҰҚҚК Сенім қорына (ANATF) Ауғанстан ұлттық армиясының қолдауына 2 млн. АҚШ долларын бөлді (2012 ж. Чикаго қ. (АҚШ) НАТО саммитінде өзіне алған міндеттемелерін орындады).

Қосылған : 4.12.2013, 10:49, Өзгертілген : 2.09.2015, 10:11