Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 1 қазанда Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2016 ж. сәуірден бастап Қазақстанның Грекиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Волков болып табылады.

2016 ж.шілдеден бастап Грекияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Катранис болып табылады.

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2001 ж. шілдедегі Грекияға және Грек Республикасының Президенті К.Стефанопулостың 2002 ж. маусымдағыҚазақстанға мемлекеттік сапарлары екі елдің қарым-қатынастарындағы негізгі оқиға болды.

2004 ж. тамызда Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынына қатысу мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Афинаға сапары өтті.

Парламент аралық қарым-қатынастар. Екі елдің парламенттері арасында парламенттік достық тобы құралған. ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстан-Грекия достық тобының басшысы А.Тасболатов болып табылады. ГР Парламентінде Грекия-Қазақстан достық тобының басшысы Л.Григоракос болып табылады.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2015 ж. 1,279 млрд. долл. құрады (экспорт – 1,26 млрд. долл,, импорт – 19 млн. долл.).

Қазақстан-Грекия ынтымақтастығының негізгі бағыттары энергетика, телекоммуникация, тасымалдау, туризм, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өзара әрекеттестік болып табылады. ҮАК 3-отырысы 2016 ж.26 қыркүйектеГрекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Д.Мардастың Астанаға сапары шеңберінде өтті.

Сонымен қатар, 2016 ж. 26 қыркүйекте Астанада екі елдің 60-тан астам компанияның қатысуымен алғашқы Қазақстан-Грекия бизнес-форумы ұйымдастырылды.

Қосылған : 8.09.2014, 12:12, Өзгертілген : 27.01.2017, 16:09