Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 17 қазанда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада Апостолдық Нунциатура ресми ашылды.

2016 ж. 10 қазаннан Қасиетті Тақтың Қазақстандағы Апостолдық Нунцийі (Елші) Архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликат.

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан мен Ватикан арасында өзара түсінік пен құрметке негізделген тығыз және өзара сенімді қарым-қатынастар орнатылған.

1998 ж. 24 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ватиканға бірінші ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасында өзара байланыстар туралы келісімге қол қойылды.

2001 ж. 22-25 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың шақыруы бойынша Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға Мемлекеттік пасторлық сапары өтті.

2003 ж. 6 ақпанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың (Италияға ресми сапарының шеңберінде) Рим Папасы Бенедикт XVI және Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы А.Соданомен кездесулері өтті.

2010 ж. 29 қараша - 4 желтоқсан аралығында Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы Т.Бертоненің Қазақстанға ресми сапары өтті.

2012 ж. 5-9 қыркүйекте Папа Легаты, Кардиналдар Коллегиясының деканы А.Содано Казақстанға ресми сапармен келді.

2013 ж. 6-7 ақпан ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мәмидің Ватиканға сапары барысында Рим папасы Бенедикт XVI, Папа уәкілі, Кардиналдар Алқасының деканы А.Соданомен, Мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы Д.Мамберти және Папа Кеңесінің Дінаралық диалог жөніндегі төрағасы Ж.-Л. Торанмен кездесулері өтті.

2015 ж. 8 қазанда ҚХА 20-жылдығына орай Ватиканда ғылыми-тәжірибелік конференция және «Қазіргі замандағы этносаралық және конфессияаралық келісім» фотокөрмесі өтті.

Ватикан Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне белсенді қатысады.

Қосылған : 8.09.2014, 12:08, Өзгертілген : 27.01.2017, 16:20