Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті (ПМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды.

Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылдың маусымынан бері жұмыс атқарады. 2015 жылдың қазан айынан бастап Палестинаның Астандағы Елшісі Монтасер Абу Зейд болып табылады.

ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Палестина арасындағы қарым-қатынастарға ҚР Сыртқы істер министрінің тапсырмасына сәйкес, 2011 жылғы мамыр айынан бастап жетекшілік етіп келеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Палестинаға екі рет ресми сапар жасады – (1995 жылғы желтоқсан, 2000 жылғы сәуір).

Палестина Мемлекетінің Президенті, Палестинаны Азат ету ұйымының, Палестина Ұлттық Әкімшілігінің Төрағасы Ясер Арафаттың Қазақстанға сапарлары болды (1991 жылы желтоқсанда, 1999 жылы сәуірде). 2008 жылғы қазан айында Палестина Ұлттық Әкімшілігінің Басшысы М.Аббастың арнайы уәкілі Ясир Аббас Қазақстанда сапармен болды.

2014 жылы мамыр айында VII Астана экономикалық форумына Палестина Монетарлық агенттігінің төрағасы Джихад әл-Уазир бастаған делегация қатысты.

Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2014 жылы 4 мың. АҚШ долларын құрады (тек импорт). 2015 жылы екі ел арасында ешқандай сауда-саттық әрекеттері тіркелмеген.

Қазақстан-Палестина шарт-құқықтық базасы келесі келісімдерден тұрады:

- Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- 1999-2001 жылдарға арналған спорт және жастар қозғалысы саласындағы ынтымақтастық туралы Хаттама.

Қосылған : 4.12.2013, 11:31, Өзгертілген : 10.03.2016, 15:39