Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпымәліметтер

1991 ж. 31 желтоқсан– Германия Федаративтік Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.

1992 ж. 11 ақпан–дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. желтоқсан – Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.

1993 ж. қыркүйек – Бонн қаласында ҚР Елшілігі ашылып, 1999 ж. Берлин қаласына көшірілді.

2014 ж. қыркүйектен бастапҚазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Нүсіповболып табылады.

2016 ж. қазаннан бастап Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Мафаэль болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі сапарлар.Дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін ҚР Президенті Н.Назарбаев Германияға 7 ресми сапар жасады (1992,1997, 2001, 2004, 2007, 2009, 2012 жылдары).

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылы ақпанда Берлинге жасаған сапары ҚР мен ГФР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдығына орай өткен болатын. Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералды президент К.Вульффпен, Федералды канцлер А.Меркельмен, ГФР саяси және іскерлік топтарының өкілдерімен кездесіп, Берлин Еуразиялық Клубының ашылуына қатысты.

Қазақстанға ГФР президенті Р.Херцог (1995 ж.), Федералды канцлер Г.Шрёдер (2003 ж.), Федералды президент Х.Кёлер (2008 ж.), ГФР Федералды канцлері А.Меркель (2010 ж. шілде, желтоқсан) және Федералды президент Ф.-В.Штайнмайер (2017ж. шілде) сапармен келген.

2017 жылы 12 шілдеде Федералды президент Ф.-В.Штайнмайердің Астанаға жасаған ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен келіссөздер өткізіп, ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы Германия Ұлттық күнінің ашылуына қатысты.

Жоғары деңгейдегі сапарлар.Қазастанға сапармен келгендер: ГФР Сыртқы істер министрі Г.Вестервелле (2010 ж., 2012 ж.) және Ф.-В.Штайнмайер (2014 ж. қараша).

Германияға сапармен барғандар: ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов (2011 ж. шілде, желтоқсан), ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары С.Ахметов (2012 ж.), ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов (2012 ж. қазан), Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (2013 ж.ақпан, 2016 ж.желтосан), Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев (2014 ж.), Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Б.Сағынтаев (2015 ж.қыркүйек).

Парламентаралық байланыстар.

ҚР мен ГФР арасындағы парламентаралық қатынастар серпінді түрде дамуда, оған екі елдің парламент депутаттарының өзара сапарлары дәлел.

Осылайша, Германияға ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығматулин (2012 ж.қараша), ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Д.Назарбаева (2015 ж.қаңтар), ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев (2015 ж. және 2017 ж. Қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысу үшін) сапармен барған болатын.

Қазақстанға, өз кезегінде сапармен Бундестаг Президенті Н.Ламмерт (2010 ж.), Федералды Үкіметінің Германияның ЕҚЫҰ-да 2016 жылғы төрағалығыжөніндегі, ГФР СІМ-нің Ресеймен, ОА-мен және Шығыс әріптестіктің елдерімен ынтымақтастық жөніндегі өкілі, ГерманияБундестагының депутаты Г.Эрлер (2015 ж. ақпан), ГФРБундестагының Вице-президенті Й.Зингхаммер, ГФР «Жасылдар партиясы» ақсақалдар кеңесінің Құрметті төрағасы Х.Модров (2015 ж. қыркүйек) келді.

Қазақстандық депутаттардың «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының мүшелерімен Бундестагтағы кездесулері тұрақты түрде өтеді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Германия Қазақстанның ЕО-дағы жетекші әріптестерінің қатарына кіреді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар өзара экономикалық ынтымақтасуды федералдық және өңірлік деңгейде тұрақты бекіту мен жаңа мүмкіндіктерді іздеу серпінімен сипатталады.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқыны, тиісінше 2016 жылдың қорытындылары бойынша 1,7 млрд.АҚШ долларын (экспорт -262 млн., импорт – 1,44 млрд.), яғни 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға төмен (2,328) соманы құраған сауда айналымының төмендегені байқалуда. 2017 ж. бойынша сауда айналымының көлемі шамамен 1,9 млрд.АҚШ долларын құрады (экспорт – 418,2 млн., импорт –1,48 млрд.)

Дәстүрлі түрде, Германияның жетекші экспорттық баптары машинаны, жабдықтарды, электртауарларды, автокөліктерді, құралдарды, дәрі-дәрмектерді қамтиды. Қазақстан көмірсутектерді (салыстырмалы салмағы - 90%), металдарды, химиялық шикізаттарды, ферроқорытпаларды жеткізеді.

Ф.-В.Штайнмайердің Қазақстанға жасаған сапары аясында жалпы сомасы 1 млрд.АҚШ долларын құрайтын 24 келісімге қол қойылды, бұл неміс инвесторларының біздің елімізге деген мүдделерін растайды. Неміс инвестицияларының шамамен 90% ҚР экономикасының өндірістік емес саласына тартылып отыр.

Соңғы 5 жылдың ішінде құрылыс, сауда, өндірістік өнеркәсіп, кен орындарын зерделеу және т.б салаларында жалпы көлемі 2,4 млрд.еуроны құрайтын 19 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Әріптестер арасында Siemens, Knauf, MetroCash&Carry, Heidelberg Cement, Quaesta Capital, Linde AGкомпанияларын атауға болады.

Жалпы, Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 1500-ге жуық экономикалық құрылым, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар, неміс компаниялары мен банктерінің өкілдіктері тіркелген. Олардың ішінен 900-ден аса неміс кәсіпорны белсенді жұмыс істеуде. Өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыс, ауыл шаруашылығы,басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер мен экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастық орнатылған. Қазақстанда «Даймлер», «Фольксваген», «Ман», «РВЕ», «Кнауф», «ЕАДС», «Байер», «БАСФ», «Бош», «МЕТРО» сияқты т.б танымал неміс концерндері жұмыс істейді.

Германия Қазақстанда дуалды кәсіби-техникалық білім берудідамыту бойынша ҚР-ның жетекші әріптесі болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорындардың қатысуымен 400-ден аса қазақстандық колледж 80 мамандық және 160 біліктілік бойынша дуалды білім беру жүйесін енгізді. Неміс кәсіпорындарымен бірге дуалды білім беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар оқу жоспарын әзірлеу және оқытушылар мен мастерлердің біліктілігін арттыру бойынша сарапшылық қолдау көрсету сияқты шаралар арқылы көмектесетін болады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамуда.

Қазақстан-Германия арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуды үйлестіруші орган Мәдени ынтымақтастық жөніндегі араласкомиссиясы болып табылады. Комиссияның кезекті 5-інші отырысы Астанада 2017 жылы 30 қарашада өтті.

Алматы қаласындағы Қазақ-неміс Университетін (ҚНУ) дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс білім беру саласындағы ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстанда Гете атындағы институтының және DAAD академиялық алмасулары жөніндегі неміс қызметінің өкілдіктері ашылған.

Германияда білім алатын қазақстандық студенттер санының артуына байланысты, 2009 жылы ГФР-да «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі ашылды.

2009-2010 жылдары ҚР-ның Германиядағы және ГФР-ның Қазақстандағы жылдары өткізілді. 2006 жылдан бастап «Қазақ кітапханасы» атты бірлескен жоба іске асырылуда. Абайдың, М.Әуезовтің, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, Ә.Нұрпейісовтің, Т.Ахтановтың, Г.Бельгердің, О.Сүлейменовтің және Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындарының еңбектері неміс тілінде басылды. Жобаның аясында қазақ авторларының шамамен 20 кітабы жарияланды, оның ішінде2011-2012 жж. М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы және І.Есенберлиннің «Көшпенділер» үш томдық трилогиясы неміс тілінде қайта басып шығарылды.

2010 жылы Батыс Еуропада алғаш рет Гумбольдт атындағы Берлин университетінің жанында «Қазақстан және қазақ тілі» лектораты ашылды. 2014 жылдан бастап Берлинде Экономика және мәдениет жөніндегі қазақ орталығы жұмыс істейді.

Қазақстандағы ұлты неміс азаматтар (шамамен 180 мың адам), сондай-ақ Германияда өмір сүретін бұрынғы қазақстандықтар (900 мыңнан аса адам) және этникалық қазақтар (шамамен 1 мың адам) екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңызды буыны болып табылады. ҚР-дағы неміс диаспорасы мүдделерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында өмір сүретін этникалық немістердің мәселелері жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық комиссиясы қызмет атқарады. ҮАК-ның 15-інші отырысы Астанада 2017 жылы 11 шілдеде өтті.

Қазақстанда облыстық неміс этномәдени бірлестіктер сәтті қызмет етуде, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық газет басылып шығарылады, «Видергебурт» Қазақстандағы немістер қауымдастығы белсенді жұмыс атқарады.

Қосылған : 4.12.2013, 12:11, Өзгертілген : 17.05.2018, 18:10