Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасының Латын Америка аймағындағы мемлекеттермен әріптестігі шеңберінде Бразилиямен қарым-қатынастарды дамыту негізгі басымдық болып сақталуда.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстар құрайды. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Бразилияға жасаған мемлекеттік сапары (2007 ж. 27-29 қыркүйек) Мемлекет басшысының латынамерикандық аймаққа жасаған алғашқы сапары болып табылды және де БФР Президенті Лула да Силваның Қазақстанға жасаған жауапты мемлекеттік сапары (2009 ж. 17 маусым) бразильдік басшының Орталықазиялық аймаққа жасаған алғашқы сапары болды. Ханчжоу қ. «Үлкен Жиырмалық» Саммиті (2016 ж. 4 қыркүйек) барысындағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Бразилия Президенті М. Темеран арасындағы қысқаша кездесу өтті. ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Бразилиа мен Сан-Пауло ққ. сапары ұйымдастырылды (2013 ж. 2-3 қазан). Қазақстандық-бразилиялық СІМ аралық саяси кеңесулердің отырыстары өткізілді. (1-ші, 2008 ж. 28 қыркүйек Астана қ. мен 2-ші, 2012 ж. 13 сәуір Бразилиа қ.).

Қазақстан Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан-Бразилия» ынтымақтастық тобы қызмет етуде.

Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 22 қыркүйекте орнатылды.

Бразилияның Қазақстандағы елшісі ретінде Деметрио Буено Карвальо қызмет атқаруда.

Қазақстанның Бразилиядағы елшісі ретінде Кайрат Асаниязұлы Саржанов қызмет атқаруда.

Қазақстандық-бразильдік ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі келесі құжаттардан құралады:

  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2007 ж. 27 қыркүйек, Бразилиа қ.; 2013 ж. 25 наурызда күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік құжаты бар азаматтарды визалық талаптардан босату туралы келісім (2007 ж. 27 қыркүйек, Бразилиа қ.; 2008 ж. 8 қыркүйекте күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративті Республикасы қағидаттар туралы өзара қарым-қатынастар декларациясы (2007 ж. 27 қыркүйек, Бразилиа қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративті Республикасы азаматтарының қысқаша мерзімді визасыз сапарлар туралы ноталар алмасу түріндегі келісім (22 шілде 2016 ж., Астана қ.; 2016 ж. 6 қыркүйекте күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық ынтымақтастық ниеті туралы хаттама (2007 ж. 27 қыркүйек, Бразилиа қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі мен Бразилия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы хаттама (2007 ж. 27 қыркүйек, Бразилиа қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі мен Бразилия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси, экономикалық, сауда және инвестициялық диалогты орнату туралы меморандум (2013 ж. 2 қазан, Бразилиа қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Спорт пен дене шынықтыру агенттігі мен Бразилия Республикасы Спорт Министрлігінің арасындағы спорт облысындағы ынтымақтастық туралы меморандум (2013 ж. 2 қазан, Бразилиа қ.);
  • -Екі елдің спорт академиялары арасындағы меморандум (2013 ж. 2 қазан, Бразилиа қ.).

Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы ең ірі сауда

серіктесі болып табылады. Екіжақты тауар айналымы 2016 ж. қаңтарынан қарашасына дейінгі мерзімде 165,2 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 21,3 млн. долл., импорт – 143,9 млн. долл.).

Импорттың негізгі құрамы: құрақ қанты және сахароза, азаматтық ұшақтар, темекі шикізаты, насостар, КРС мүздалған еті, жеміс-жидекті сусындар, қара металлдар сынықтары, сонымен бірге өзге тұтынушылық тауарлары әрі ауыл шаруашылық шикізаты.

Экспорттың негізгі құрамы: сера.

Қазақстан Спорт Федерациясы мен «Крузейро» бразильдік футбол клуб арасындағы Спорт облысындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде Белу-Оризонти қаласындағы (Минас-Жерайс штаты) футбол клубының оқу-дайындық базасы негізінде 27 қазақстандық жас спортшылар 2015 ж. наурызынан бастап футболдық білім алуда.

Қосылған : 23.04.2015, 12:05, Өзгертілген : 29.01.2017, 13:49