Қазақстан Республикасы мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы қатынастар

 

Қазақстан Республикасы мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2011 жылдың  5 қыркүйегінде ноталар алмасу жолымен орнатылды.

Эфиопияның қазіргі Президенті Мулату Тешоме осы лауазымға 2013 жылдың қазанында сайланғанға дейін ЭФДР-ның ҚР Елшісі қызметін қоса атқарып жүрді (2012 жылдың 6 маусымында ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Құл-Мұхаммедке сенім грамоталарын табыстаған).

2013 жылдың 26-28 тамызында ЭФДР Парламентінің Халықтық өкілдер палатасының депутаты (төменгі палата), Пан-Африкалық Парламенттің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі төрағасы доктор Ашебир Уольдегиоргис Гайомен және Эфиопияның Металлургиялық және Инженерлік Корпорациясының (МЕТЕК) бас директоры бригадалық генерал Кинфе Данью Гебреселасиеден құралатын Эфиопия делегациясы Астана қаласына жұмыс сапарымен келіп кетті. Делегацияның ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен, «Самұрық Қазына» ҰӘӘҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеевпен, «Ромпетрол Групп» бас директоры Ж.Түсіпбековпен және «ҚазИнжинириг ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Д.Бижановпен кездесулер болып өтті.

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен келіссөздер барысында алдағы уақытта Қазақстанның Африка одағына бақылаушы ретінде кіруі тұрғысында африка мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды.

ЭФДР делегация мүшелері Қазақстанның Африка одағында бақылаушы мәртебесіне ие болуына ықпал етуге, сондай-ақ 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын Эфиопияның қолдауын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Қазақстан Республикасының кандидатурасын БҰҰ ҚК африка құрлығындағы мүшелігіне ілгерілету үдерісі шеңберінде эфиопиялық тараппен бірлескен үйлестіру жүмыстарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  

«Самұрық Қазына» ҰӘӘҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеевпен кездесу кезінде «Самұрық Қазына» ҰӘӘҚ және «МЕТЕК» Ұлттық холдингінің инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу, сондай-ақ алдағы уақытта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы бойынша бірлескен жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Эфиопиялық тарап құрылыс және мұнай саласында, сондай-ақ ЭФДР ҚК кеңес өндірісінің қаруымен және техникасымен жарақтануын басты назарға ала отырып әскери-өнеркәсіп саласында экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Осыған байланысты, «ҚазИнжиниринг» ҰК және «Ромпетрол Групп» компаниясы «МЕТЕК» холдингімен ақпаратпен алмасуды орнату және ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын іздеу үшін өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2013 жылдың 12 қыркүйегінде Аддис-Абеба қ. ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Б.Садықов ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың ЭФДР Сыртқы істер министрі Тедрос Адханом Гебрейесуске жолдаған 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын қолдауды өтінген хатын табыстау мақсатында келіп кетті.

Жүздесу барысында қазақстандық дипломат ЭФДР Сыртқы істер министрі Тедрос Адханом Гебрейесусті Қазақстанның негізгі сыртқы саяси тәсілдемелерімен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларымен, экономика және инвестициялық ынтымақтастықтың ахуалымен және оларды дамыту келешегімен таныстырды. ЭФДР-мен, оның ішінде өңірлік және халықаралық ұйымдар, атап айтқанда БҰҰ мен Африка одағы шеңберінде, екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты.  

ЭФДР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады және біздің еліміздің экономиканы реформалау, инвестиция тарту және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша тәжірибесін үйренуге қызығушылық танытты. Министр Қазақстанның Аддис-Абебада дипломатиялық өкілдікті ашу туралы ниетін құптады, өз ведомствосының Елшілікті ашудың әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне барынша көмектесетіндігін атап өтті. 

Т.Адханом қазақстандық тарапқа БҰҰ ҚК 2017-2018 жж. ҚР кандидатурасын қолдау мәселесінде көмектесуге уәде берді.

2013 ж. 11-15 қарашасы аралығында Аддис-Абебада ҚР ЕАР Елшісі Б.Арын Қазақстанның Африка одағы жанындағы бақылаушы мәртебесін алу мәселесін пысықтау және Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Эфиопияға ресми сапарын дайындау үшін жұмыс сапарымен болған.

Сапар барысында Африка одағы Комиссиясының төрайымы Нкосазана Дламини Зумамен, оның орынбасары Эрастус Мвенчамен, АК Комиссиясының Бас хатшысы Жан Мфасонимен және Афроодақтың жетекші құрамының басқа да өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Нәтижесінде Қазақстан АО жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды және Елші АО Комиссиясының төрайымы Н.Д.Зумаға ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Б.Арынды Қазақстан Республикасының Афроодағындағы Тұрақты өкілі мансабына тағайындау жөніндегі хатын табыстады.

Одан басқа, Премьер-министрдің жақын серіктесі болып табылатын бұрынғы Ақпарат министрі, «Эфиопия халықтарының революциялық-демократиялық фронты» билеуші партиясының саяси бюро мүшесі Берекат Симонмен, сондай-ақ ЭФДР Парламентінің Халықтық өкілдер партиясының депутаты, Пан-Африкалық Парламенттің Вице-президенті (2013ж. 30 қазанынан бастап) А.У. Гайомен, МЕТЕК корпорациясының бас директоры  К.Д.Гебреселасиемен, Эфиопияның СІМ бірқатар департаменттерінің басшыларымен және «Репортер» газетінің Бас менеджері, бас редакторы Амаре Арегауимен кездесулер өткізілді.  

Көрсетілген кездесулер кезінде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын ілгерілету, парламентаралық байланыстарды орнату, оның ішінде екі елдің заң шығарушы органдарында достық топтарын құру жолымен, «КазИнжиниринг» ҰК делегациясының Африкаға сапарын «МЕТЕК» ҰК-мен уағдаластыққа сәйкес ұйымдастыру мәелелері, сондай-ақ ҚР сыртқы саяси ведомствосы басшысының Эфиопияға сапарының маңызды және ұйымдастырушылық аспектілері талқыланды. 

Б.Симон Министрдің сапарын және ҚР-ның Аддис-Абебада өз Елшілігін ашу ниетін құптай отырып, эфиопиялық тараптың қазақстандық инвестицияны тартуға және астық импортына, сондай-ақ біздің еліміздің экономиканы дамытудағы және кадрларды даярлау саласында ынтымақтастықты орнатудағы тәжірибемізге қызығушылық танытатындығын білдірді.

Депутат А.У.Гайо ҚР-ның БҰҰ ҚК-не кандидатурасын Африка құрлығында ілгерілетуге ықпал етуге дайындығын айтты, ол үшін Эфиопияның және Африканың өзге елдерінің көрнекті қайраткерлерінен лоббистер тобын құруды ұсынды.

2013 ж. 11-12 желтоқсанында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасына ресми сапарын өткізді. 

Сапар аясында Е.Ыдырысов Африка одағының Аддес-Абеба қаласында орналасқан штаб-пәтеріне ат басын тіреді, онда Африка одағы Комиссиясының төрайымының орынбасары Эрастус Мвенчамен кездесті.  Э.Мвенчамен кездесу кезінде Қазақстанның Африка одағының қызметіне бақылаушы ретінде қатысуы Қазақстанның Африка мемлекеттерімен өзара тиімді және сенімді ынтымақтастықты орнатуға, сондай-ақ олардың Орта Азияның өңірлерімен байланысын кеңейтуге мүмкіндік беретіндігі аталып өтті.

Премьер-министр Хайлемариам Десаленмен кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және саяси ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екі елдің іскерлік орталары арасында тікелей байланыстарды орнатудың металлургиялық, химиялық, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда өсу үшін едәуір әлеуетке ие сауда алмасуды кеңейтуге оң әсерін тигізетіндігі айтылып өтті.

Содан кейін қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы Эфиопия Президенті Мулату Тешомемен кездесті. Есте қаларлығы, қазіргі Президент өз ұзақ еңбек жолында Эфиопияның Қазақстандағы Елшісі болып қатар жұмыс істеген. Келіссөздердің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан мен Эфиопия арасында ынтымақтастықты және жақ жақты саяси диалогты одан әрі кеңейту үшін бар күшті салуға келісті.

Министр Е.Ыдырысов әріптесі Эфиопияның Сыртқы істер министрі Тедрос Адханоммен де жүздесті, онымен халықаралық күн тәртібін, екіжақты қарым-қатынастың даму келешегін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Ынтымақтастықтың институционалдық және шарттық-құқықтық базасын құру қажеттілігі айтылды.

МЕТЕК эфиопиялық компаниясының Бас директоры Кинфе Данью Гебреселасимен кездесу барысында екі елдің іскерлік құрылымдары арасында байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

2014 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Ерлік Әли елдің Президенті М.Тешомеге сенім грамотасын табыстады. Салтанат шеңберінде қысқаша сұхбат өтті, онда қазақстандық дипломат М.Тешомені Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы, елдің сыртқы саяси бастамалары, Президент Н.Ә.Назарбаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі алға қойған міндеттері туралы ақпараттандырды.  

2015 ж. 18 наурызында ҚР ЭФДР Елшісі Е.Әли елшіліктің ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізді, онда Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ҚР сыртқы саяси бастамалары сөз болды. Қатысушылар Қазақстандағы ішкі саяси жағдайлармен: «Нұрлы жол» Президент Жолдауының негізгі ережелерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің 20-жылдығының қорытындыларымен және алда болатын ҚР Президенттігіне сайлаумен танысты. Ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, сауда және инвестиция, медицина және білім саласында екіжақты даму, сондай-ақ БҰҰ, Африка одағы сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету келешегі мәселесі қозғалып өтті. Баспасөз-конференциясының қорытындылары бойынша Эфиопияның жетекші БАҚ пікірлер алды.

2017-2018 жж. ҚР кандидатурасын БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету шеңберінде 2015 ж. 20 наурызында ҚРЕ ҚР Премьер-министрінің Арнайы өкілі Б.Әміреевтің ЭФДР Президенті М.Тешомемен кездесуі ұйымдастырылды.

Сұхбаттасу кезінде Б.Әміреев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Эфиопия Президентіне жолдауын табыс етті, сондай-ақ ҚР БҰҰ ҚК басымдылығын, елдің халықаралық аренадағы саясатын және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері туралы айтып өтті.

Екіжақты өзара әрекеттестік мәселелеріне айта келіп, Арнайы өкіл ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, білім және медицина саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтті.

2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын қолдауға қатысты Президент эфиопиялық тараптың қазақстандық өтінішке оң көзқараспен қарайтындығын атап өте келе, бұл ретте Эфиопияның да африкалық мемлекеттер топ атынан 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне өтініш бергеніне тоқталып кетті.

Өз кезегінде Эфиопия Президенті агросекторға, тау-кен өнеркәсібіне, инфрақұрылымға, азық-түлік өнеркәсібіне, туризмді дамытуға салынатын инвестициялардың басымдықтарын айта келе екіжақты ынтымақтастыққа баса назар аударды.

2015 ж. 14 сәуірінде ҚР ЭФДР Елшісі Е.Әли Эфиопияның СІМ Мемлекеттік министрі Берхане Гебрекристоспен кездесу өткізді, онда қазақстандық делегацияның СІМК 27-ші отырысының және ОАР-ғы АК 25-ші Саммитінінің жұмысына қатысу, 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын қолдау, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері боынша кеңесулерді жалғастырды. 

Жалпы, ҚР Елшілігінің Аддес-Абебада қысқа мерзім ішінде ашылуын жоғары бағалай отырып, Мемлекеттік министр ауыл шаруашылығы, энергетика саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті басымырақ екеніне ерекше назар аударды.

АК 25-ші Саммиті шеңберінде сайд-ивент өткізу бойынша қазақстандық бастаманы қолдайтындығын білдірді. БҰҰ ҚК өзара қолдау көрсету мәселесіне қатысты Мемлекеттік министр эфиопиялық тараптың Сейшель аралдарымен қарқынды кеңесулер жүргізіп жатқанына тоқталып өтті (жақында Сейшел аралдарының Сыртқы істер министрі Эфиопияға сапармен келіп кетті). Берхане Гебрекристос эфиопиялық тараптың ҚР-ның БҰҰ ҚК шеңберінде өзара алмасу жөніндегі ұсынысын оң көзқараспен қарап жатқанын баса айтты. Мәселе оң шешімін тапқан бойда жоғарыда аталған кеңеулердің шеңберінде қазақстандық тарап ЭФДР СІМ ұстанымы туралы хабардар болады.

Сонымен қатар ол Эфиопияның БҰҰ, АК және т.б. ұйымдардың органдарына қайсыбір кандидатураны қолдай отырып, өз мақұлдауын тек ауызша нысанда ғана білдіретін және қолдау жөнінде тиісті ноталар жібермейтін, бірақ өзіне алған міндеттемелерді мүлтіксіз атқаратын дәстүріне назар аудартты.

2015 ж. 13-16 шілдедесі аралығында Аддис-Абеба қ. БҰҰ Дамуды қаржыландыру жөніндегі Үшінші Халықаралық Конференциясы болып өтті, оның жұмысына ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі А.Тажиевтің басшылығымен қазақстандық делегация атсалыса қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша кедейлікпен және аурулармен күреске, экономикалық ігерілеуді алға тартуға және қоршаған ортаны қорғауға  қатысты экономикалық ілгерілеу көздерін айқындайтын қорытынды құжат - Аддис-Абебалық іс-әрекет бағдарламасы (Addis Ababa Action Agenda) қабылданды. Осы Іс-әрекеттер жоспары Нью-Йоркте өтетін БҰҰ БА 69-сессиясына мақұлдауға ұсынылды.

Конференцияда Елші А. Тәжиев жасыл және жаңартылатын энергетиканы қаржыландыру; теңізге шыға алмайтын елдерді дамыту; ауыл шаруашылығы; азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріндегі қазақстанның бастамасына тікелей қатысы бар 10 астам сайд-ивенттерге қатысты, сондай-ақ ол халықаралық ұйымдар ұйымдастырған сайд-ивенттерде сөз сөйледі. Одан басқа, А.Тәжиев БҰҰ Бас хатшысының Африка бойынша орынбасары, неғұрлым аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және дамушы шағын арал мемлекеттері бойынша Жоғары өкіл Г.Ачарьямен, БҰҰ Индустриалдық даму жөніндегі Бас директор М.Кетуйимен, БҰҰ Бас директорының Көмекшісі Д.Сакспен кездесулер өткізді.

2015 ж. 17 шілдесінде ҚР ЭФДР Елшісі Эфиопияның Білім министрі Шиферай Шигутимен кездесу өткізді, онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың даму келешегін талқыға салды. Кездесу барысында білім саласында байланыстарды кеңейту үшін жақсы әлеуеттің бар екендігі байқалды, шарттық-құқықтық базаны құру қажеттілігі баса айтылды.  Қазақстандық дипломат министрді Қазақстанда оқитын шетелдік студенттерге берілетін бағдарламалармен және гранттармен таныстырды. Өз кезегінде, эфиопиялық тарап Қазақстанмен білім саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты.

2016 ж. 27-31 қаңтары аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев Аддис-Абебаға сапармен келді. Сапар шеңберінде Африка одағының мемлекет және үкімет басшыларының 26-шы Ассамблеясының жұмысына қатысты. 

Саммит адам құқығын қорғау, оның ішінде әйел құқығы тақырыбына арналды. Сондай-ақ Саммиттің күн тәртібінде жуырда құрлықты саяси және әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы «Африканың күн тәртібі-2063»  бағдарламалық құжатты іске асырумен байланысты мәселелер тұрды. Одан басқа, өңірлік қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу, қауіпті аурулармен күрес мәселелері, сондай-ақ АК қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

АО Саммитінде қазақстандық тарап  «Африканың тұрақты дамуы мақсатын көздейтін Юг-Юг  бірлескен іс-қимыл» тақырыбында БҰҰДБ- мен арнайы шара (Special Event)  өткізді. Special Event жұмысына африка мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары  және халықаралық ұйым басшылары қатысты.

Special Event қонақтары БҰҰ БА 70-ші сессиясын 2017-2018 жылдары алға жылжыту жөніндегі және ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетіні туралы Қазақстан Республикасының ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасынан хабардар болды. ҚР кандидатурасын қолдауға және көрмеге қатысуға растауды тездетуге барлық дәлелдер мен дәйектер келтірілді.  

Қатысушылардың назары Қазақстанның африкадағы ашаршылық және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуге қосқан маңызды үлесі болып табылатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (АӨИҰ) құру бастамасына аударылды. 

 Африка одағы Саммитінің аясында қазақстандық делегацияның басшысы АО комиссиясының төрайымы Нкосазаной Дламини-Зуммен және  Алжир, Ботсван, Бенина, Гана, Гамбия, Гвинея, Либерия, Намибия, Нигера, Малави, Камерун, Кабо Верде, Коморск Аралдары, Свазиленда,Сейшель аралы, Сенегал, Сьерра Леоне, Экваторлық Гвине, Эфиопия және Оңтүстік  Суданның сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Ондағы талқыланған мәселелерде алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу мен халықаралық форум алаңдарында маңызды бастамаларға өзара қолдау көрсету жайы айтылды.

Аталмыш кездесуде Африканың сыртқы саясат ведомстволар басшыларына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың екіжақты және жанжақты байланысты нығайту туралы ұсыныстар айтылған хаты табысталды. Сонымен қатар, ҚР Президенті мен Премьер-Министрінің атынан ЭКСПО-2017 көрмесіне, сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас Ассамблеясына шақыртулар көшірмелері жеткізілді.

Жалпы, қазақстандық делегацияның ЭФДР сапары конструктивті екіжақты кездесулерді өткізумен және БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асыруға арналған арнайы іс-шараларды ұйымдастырумен сәтті өтті. Мұның барлығы көптеген тұстарда ынтымақтастықты одан әрі орнату келешегін көздей отырып Африкамен қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын білдіреді. 

Сауда және экономикалық қатынастар: әзірше тиісті дамуға қол жеткізген жоқ, бұл Қазақстан мен Эфиопияның іскерлік ортасы арасындағы байланыстың болмауымен, сондай-ақ басқа да объективті жағдайлармен түсіндіріледі.  

ҚР Статистика агенттігінің ақпараты бойынша Қазақстан мен Эфиопия арасындағы тауар айналымы 2010 ж. 46,5 мың АҚШ долл. (негізінен импорт), 2011 ж. – 17 мың АҚШ долл. (импорт), 2012 - 26,7 мың АҚШ долл. (тек импорт), 2013 ж. - 56,6 мың АҚШ долл. (тек импорт) құраған,2014 ж. өзара сауда көлемі 78,5 АҚШ долл. (тек импорт) жеткен.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ҚР мен Эфиопия арасындағы тауар айналымының көлемі 63,9 мың АҚШ долларын құрады (2014 жылға ұқсас кезең – 59,2 мың АҚШ доллары).  

Негізгі импортталатын тауарлар:

- кесілген гүлдер мен гүлшанақтар, гүлшоқтар жасауға жарамды немесе әсемдік мақсатқа арналған, жас, кептірілген, боялған, ағартылған, сіңірілген немесе басқа да тәсілдермен дайындалған - 36,3 мың АҚШ долл. (56,8%);

- кофе, қуырылған немесе қуырылмаған, кофеинмен немесе кофеинсіз; кофенің қауызы және кофе дәнінің қабықтары; кез келген үлесте кофесі бар кофені алмастырғыштар - 26, 4 мың АҚШ долл. (41,3%).

                                                                                          

 

 

 

 

Қосылған : 25.03.2016, 16:59, Өзгертілген : 25.03.2016, 16:59