Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы (2015 жылдан).

Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Гашимов Закир Арифоглу (2009 жылдан).

Қазақстан-Әзербайжан қатынастары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылы мамырда Баку қаласына жасаған ресми сапарының қорытындысында қол қойылған Стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар туралы шартқа сәйкес дамып келеді.

2011 жылғы 19-21 қазанда ӘР Президенті И.Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Сапар шеңберінде Әзербайжан басшысы Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің 1-ші Саммитінің жұмысына қатысты.

2013 жылғы 16 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаев Габала қаласында (ӘзербайжанРеспубликасы) өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің 3-ші Саммитінің жұмысына қатысты.

2015 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымының көлемі 125,5 млн. долл. құрады (экспорт – 109,8 млн. долл., импорт – 28,8 млн. долл.).

2016 жылғы қаңтар-қараша айларында өзара тауар айналымы
131,1 млн. долл. құрап, 21,2 % жоғарлады. Оның ішінде, экспорт – 102,3 млн. долл., импорт – 28,8 млн. долл.

Экономика саласындағы екіжақты қатынастардың дамуына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан Үкіметаралық комиссиясының жұмысы мүмкіндік туғызуда. Үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысы 2016 жылғы 21-22 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Отырыстың барысында энергетика, тасымалдау мен көлік жүйелері, ауыл шаруашылығы, білім мен туризм салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге қатысты екіжақты ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.

Баку қаласында Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік қайраткерлері мен белгілі өнер қайраткерлерінен тұратын «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы белсенді қызмет етуде.

Ақтау қаласында жыл сайын өткізілетін «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестиваліне Әзербайжанның мәдениет және өнер қайраткерлері, спорттық делегациялары қатысады.

2011 жылы 13 мамырда Баку мемлекеттік Университетінде Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті Орталығының ресми ашылу рәсімі өтті.

2012 ж. 6-9 маусымда Астанада Әзербайжанның Қазақстандағы Мәдениет күндері өткізілді.

2012 ж. 18-21 қараша аралығында Баку қаласында Қазақстанның Әзербайжандағы Мәдениет күндері өтті.

2016 жылғы 29-30 қыркүйекте V Баку халықаралық форумына қатысу мақсатында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Абдыкаликованың сапары өтті.

2016/28/12

Қосылған : 14.10.2014, 13:43, Өзгертілген : 29.01.2017, 22:32