Қазақстан Республикасы мен Австралия арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 маусымда орнатылды.1995 жылдан бастап 1999 жылға дейін ҚР-да Австралияның Елшілігінің қызметі жүзеге асырылды.

1996 жылдан бастап 2003 жылға дейін Австралияда ҚР Консулдығының қызметі жүзеге асырылды.

2008 жылғы 20 маусымнан бастап 2016 жылдың 22 сәуіріне дейін Сингапурдағы ҚРЕлшісі Е.Баударбек-Қожатаев Австралияда қоса атқарушы Елші болып табылды.

2015 жылғы қарашадан бастап РФ-дағы Австралия Елшісі Питер Теш Қазақстанда қоса атқарушы Елші болып табылады.

2014 жылдың 18 қарашада Сидней қаласында ҚР Бас консулдығын ашу туралы ҚР Президентінің жарлығы шығады.

2009 жылғы қарашадан бастап «Drake Resources» кен қазушы компаниясының басқарушысы Джейсон Стирбинскис Батыс Австралия штатындағы ҚР-ның Құрметті консулы болып тағайындалды.

2014 жылғы тамыздан бастап «Australasia Pacific Pty Ltd» компаниясының Президенті Эндрю Фернихоу Виктория штатындағы ҚР-ның Құрметті консулы болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Австралияға алғашқы ресми сапары өтіп, саяси диалогтың іргетасы қаланды және екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары анықталды.

Алғашқы екіжақты қарым-қатынас1993 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер Министрі С.Терещенконың Австралияға сапары кезінде орнатылды және 1994 жылғы сәуірде Австралия Генерал-губернаторы Билл Хейден Қазақстанға сапар жасады.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне Австралия Сыртқы істер министрі Кевин Радд бастауымен Австралия делегациясы қатысты.2011 жылғы маусымда Австралия Сыртқы істер министрі К.Радд Астана қаласында 38-ші ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.

2012 жылғы тамызда Австралияның Парламент мүшелері К.Доуд, Г.Дженкинс и Г.Эванс «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

2014 жылғы 1 қыркүйекте Самоада Біріккен Ұлттар Ұйымының Шағын аралдық дамушы мемлекеттердің конференциясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.ЫдырысовАвстралия Сыртқы істер министрі Д.Бишоппен екіжақты кездесу өткізді.

2015 жылғы 27-28 наурызда Боао азиялық форум (ҚХР) аясында ҚР Премьер министрі К.Мәсімов Австралия бұрынғы Сыртқы істер министрі Боб Каррмен екіжақты кездесу өткізді.

2015 жылғы 24-25 маусымда Канберрада екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің директорлар деңгейінде саяси консультациялары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Аустралия арасында сауданың жалпы айналымы 2016 жылдың үш тоқсанының нәтижелері бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,798 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, қазақстандық экспорт – 4,575 млн. АҚШ доллары, импорт – 18,223 млн. АҚШ доллары.

Қазақстан экспортының негізгі бөлігін химия өнеркәсібінің өнімі, жай металлдар, аспаптар мен аппараттар құрайды. Австралиядан Қазақстанға мал және мал шаруашылық өнімдері, пластмассадан жасалған бұйымдар, химия өнеркәсібінің өнімдері, машиналар мен электротехникалық жабдықтар импортталады.

Негізгі экспортты тауарлар болып табылады: азаматтық жолаушылар ұшақтары, сульфаттар, ашудас, хром триоксиді, мырыш, темір қорытпалары, қара металдар бұйымдары, табиғи құм, күш беретін қондырғылары және т.б. Аустралиядан келетін импорттар: фронталды бір шөмішті тиегіштер, шиналар, өзі аударғыш машинасы және көлік құралдарына арналған қақпақтар, сұрыптау жабдығы, домкраттар, көтергіштер, сорғылар, осьтік желдеткіштер, тежегіш құрылғылар, есту аппараттары, медициналық құралдар, сүт майлары және т.б.

Қазіргі таңда Қазақстанда Австарлиялық 72 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың жұмыс жасап жатқандары, бары-39.

Қазақстанда Австралияның «Rio Tinto», «Iluka Resources», «ALS Minerals», «Kazakhstan Potash Corporation», «Orica-Казахстан» және т.б. ірі тау-кен компаниялары жұмыс атқаруда.

Шарттық-құқықтық база

Австралиядан инвестицияларды тарту тиімділігін арттыру мақсатында Австралия азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн визасыз жүру құқығына ие болады.

Қосылған : 4.12.2013, 10:51, Өзгертілген : 9.05.2014, 22:40