Қазақстан Республикасы мен Аргентина Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 25 мамырда орнатылды.

Қазақстанның Аргентинадағы қоса атқарушы Елшісі ретінде (Бразилиа қ. өкілділігімен) Қайрат Саржанов (2016 ж. бастап) өкілдік етуде.

Мемлекеттердің арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстар құрайды. Ханчжоу қ. өткен «G20» Саммитінде (2016 ж. 4 қыркүйек) ҚР Президенті Н. Назарбаев пен Аргентина Президенті М. Макри арасындағы кездесу өтті. ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Буэнос-Айрес қ. (2013 ж. 1 қазан) сапары әрі Аргентина Сыртқы істер министрі Э. Тимерманның Астана қ. (2014 ж. 29-30 мамыр), сондай-ақ қазақстандық-аргентиналық СІМаралық консультацияларды өткізу шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаевтың Буэнос-Айрес қаласына (2017 ж. 4 мамыр) сапары ұйымдастарылыды.

Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесін өткізу және Көрмеде Аргентина өзінің ұлттық павильоны арқылы ұсынылғаны диалогтың дамуына өз үлесін қосты. ЭКСПО аясында Аргентинаның БАҚ және қоғамдық пікір істері жөніндегі министрі Э. Ломбарди мен Ғылым, технологиялар және инновациялар министрі Л. Бараньяо Астанада сапармен болды.

Қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі саяси, ақпарат және коммуникациялар, визалық және т.б. салаларында қол қойылған құжаттардан тұрады.

Қазақстан мен Аргентина арасындағы екіжақты сауда айналымының көлемі 2017 ж. қаңтардан қарашаға дейінгі мерзімде 34,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 5,5 млн. долл., импорт – 29,2 млн. долл.).

ҚР Бразилиядағы Елшілігінің қолғабысымен 2014 жылдың қарашасынан бастап, Росарио қ. (Санта-Фе профинциясы, Аргентина) Латын Америкадағы алғашқы және жалғыз Қазақ мәдени орталығы ашылған.

Қосылған : 9.04.2015, 11:59, Өзгертілген : 9.02.2018, 13:45