Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Малайзия қарым-қатынасы серпінді түрде даму үстінде. Бүгінгі таңда, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында көпжақты келіссөздер сәтті жалғасуда. Қос мемлекетте де өзара әрекеттесу потенциалы бар, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени даму бағыттары ұқсас. Екіжақ өздерінің сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыру мақсатында бір-біріне белсенді түрде қолдау береді.

Болат Иманбаев 2019 жылдан бастап Малайзиядағы Қазақстан Республикасының елшісі.

Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы Малайзияның елшісі.

Екі мемлекеттің өзара әрекеттестігі -жоғары деңгейдегібір-біріне келген сапарлары айғақтайды. Қазіргі таңда, Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты қарым-қатынасы, сауда-экономика және инвестициялық өзара әрекеттесу қабілеттілігін арттыру жұмыс шеңберінде қол жеткізген келіссөздерге сәйкес даму үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Малайзияға 2012 жылғы іс-сапары және де Малайзияның Премьер-Министрі Н.Разактың Қазақстанға 2014 жылғы сапарыныңқорытындылары бойынша екіжақ жан-жақты әріптестік деңгейінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Астана мен Куала-Лумпур арасындағы қарым-қатынасында - саяси, экономикалық, қорғаныс, мәдени, гуманитарлық және техникалық ынтымақтастық, білім, экология, ақпараттар және денсаулық сақтау салалары бойынша ортақ және үйлестірілген жобалардың іске асырылуын мақсат етіп нысанға алынады.

Партияаралық ынтымақтастық жұмыс шеңберінде, Нұр Отан партиясының өкілдері тұрақты түрде Біріккен Малай ұлттық ұйымының жыл сайынғы сессияларында шетелдік қонақтар ретінде қатысады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты шарттық-құқықтық негіздегі қарым-қатынасы аса деңгейде дамыған. Қолданыстағы құжаттар -екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде сауда-экономикалық, ғылым-техникалық, гуманитарлық, құқық қорғау жәнебасқа да салалар туралы кең етек өріс алған мәселелерді басқарады. Қос мемлекеттің де сыртқы саясаттарының ең маңызды бағыттарының бірі - халықаралық аренада ынтымақтасу және де өзара демеу беру болып табылады.

Қазақстан мен Малайзияның халықаралық қатынастағы өзекті мәселелерге қатысты ұстанатын позициялары ұқсас. (Халықаралық терроризм және экстремизммен күрес, батыс елдері мен мұсылман әлемі арасындағы диалог, дамушы мемлекеттер үшін әділетті сауда және инвестиция жүйесін құру)

Сауда-экономикалық ынтымақтастық екі жақты қауымдасудың маңызды компоненті болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында, малайзиялық компаниялармен және инвесторлармен бірлесе отырып, 1 млрд. АҚШ доллары қаражат мөлшерінде мұнай-газ, ауылшаруашылық және құрылыс салаларында жобалар жүзеге асырылуда.

Инвестициялар:2016 жылдың қорытындылары бойынша, Малайзиядан Қазақстанға тартылған шетелдік тікелей инвестициялардың(ШТИ) өсу серпініелеулі деңгейде белгіленді.

Тауар айналымның серпіні: 2016 жылы өзара сауда айналым мөлшері 84 млн. АҚШ долларын құрады. (2015 жылы – 96,9 млн. АҚШ доллары), оның ішінде ҚР экспортының үлесіне 0,112 млн. АҚШ доллары, ал Малайзия импортынан 83,8 млн.АҚШ доллары бөлінді.

Қазақстан экспортының құрылымы:қара металл өнімдері, геодезиялық және өлшеу аспаптары, құрал-жабдықтар, құбырға арналған фитинг.

Қазақстан импортының құрылымы:пальма майы, майлау материалдары, резеңкеден жасалған бұйымдар, киім, жиһаз, электроника мен электротехникалық тауарлар, аспаптар мен қосалқы бөлшектер.

Сауда ынтымақтастықтыңодан әрі дамуына тежеуші фактор ретінде - екі мемлекеттің географиялық қашықтықта орналасуы мен ыңғайлы (баға мен логистика мағынасында) көлік жолдарының болмауы болып табылады.Одан басқа, 2015-2016 жылдар ағымында екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың артуына кері әсерін беруші факторлар қатарынаҚазақстанға импортталатын шетел тауар бағасының қымбаттауына қатысты тенгенің құнсыздануы болып саналады.

Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың механизмдері: 

Қазақстан мен Малайзияның Үкіметтері арасындағы 1996 жылғы 27 мамырдағы сауда келіссөздеріне сәйкес, бірлескен сауда-экономикалық комитет құрылды (БСЭК). БСЭК-тің Қазақстан тарапындағы төрағасы – Ұлттық экономика МинистріТ.Сүлейменов, ал Малайзия тарапынан – халықаралық сауда индустриясының Министрі – М.Мохамед. (қазіргі уақытта 2017 жылдың мамыр айында БСЭК-тің үшінші отырысын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда).

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың ресми іс-сапары (2012 жылдың 17-18 сәуір күні) шеңберінде «Қазақстан мен Малайзияарасында бірлескен Іскерлік кеңес мекемелерін құру»туралы келіссөзге қол қойылды (ІК).ІК-тің Қазақстан жақтағы төрағасы – АҚ «ТРАНКО» директорлар кеңесінің төрағасы Г.Ихсан, ал Малайзия жақтан «MAYBANK ISLAMIC» ұйымының тәуелсіз директоры Д.Сардар. (ІК-тің алғашқы отырысынБСЭК-тің үшінші отырысына орай сол мерзімде Куала-Лумпур қаласында өткізілу жоспарландуда).

Іскерлік кеңестің негізгі мақсаты - жеке компанияларға, Қазақстан мен Малайзияда бизнес жүргізуге қызығушылығы бар азаматтарға қолдау беру, сондай-ақ екі елдің сауда және қызмет нарығында тауарды жылжыту мен ақпарат тарату болып табылады.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарынжүзеге асыру мақсатында, Малайзиямен сауда-экономикалық ынтымақтастық, ислам қаржысы, халал өнім индустриясы, мұнай-газ секторы, туризм, инфрақұрылымдық және құрылыс жобалары, технологиялық даму, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты салаларда келешекке бағытталғандаму жұмыстары жүргізілуде.

Жасыл энергетиканы дамыту бойынша халықаралық ЭКСПО-2017 көрме шеңбері -мемлекеттердің өзара әрекеттесуіне келешегі бар жол ретінде көрінеді. Бүгінгі таңда, БҰҰ халықаралық орталығының ЭКСПО базасында «жасыл технология» және «инвестициялық жобаларды» құру туралы бастамаларды алға жылжытуаясындамемлекеттің зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық белсенді түрде даму үстінде.

Қазақстан-Малайзия ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салаларда жоғары белсенділігімен белгіленеді. Осы бағытта екі мемлекеттің рухани жақындылығын арттыру мақсатында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен шығармашылық топтардың концерттері, музыкалық және мәдени фестивальдар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

Қазақстан мен Малайзия арасында білім және ғылым салаларында етене жақын өзара әрекеттесу қабілеттілігі орнатылған. Көрнекті үлгі ретінде, Қазақстан-Малайзия арасында жоғары білім бойынша бірлескен жұмыс тобының құрылуына сәйкес, білім саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойылуы болып табылады. Қазіргі уақытта 1,5 мың астам Қазақстандық студенттер Малайзияның жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

2012 жылы Малайзияның Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиеті орталығы ашылды.

Қазақстандық шығармашылық ұжымдар белсенді түрде Сабах штатында жыл сайын өткізілетін «Sabah International Folklore Festival» атты халықаралық фольклорлық фестивальға қатысады.

Қазақстандық «Astana Pro Team» кәсіби велосипедшілер командасы «Tour de Langkawi» атты Малайзиялық вело жарыстарда тұрақты түрде қатысып отырады.

Қосылған : 4.12.2013, 11:18, Өзгертілген : 20.05.2019, 17:25