Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 мамырда орнатылды.

Қазақстанның Мароккомен өзара қатынастарына қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді.

Арман Исагалиев 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мароккодағы Елшісі міндетін атқаруда.
Әбделжалил Собри 2017 жылдың 11 сәуірінен бастап Марокконың Қазақстандағы Елшісі міндетін атқаруда.

Екі ел арасындағы алғашқы саяси қарым-қатынастар 1992 ж. 26-28 мамырда Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдель Латиф Мулин бастаған Марокко СІМ делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан басталды.
Өткен жылдар ішінде ҚР Вице-Президенті Е.Асанбаев бастаған делегация Касабланка қаласында өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммитіне (1994 ж. желтоқсан), ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Мараккеш қаласында өткен «Ауа райының өзгеру проблемалары» атты 7-ші халықаралық конференцияға (2001 ж. қазан) қатысты. ҚР Индустрия және сауда Вице-Министрі А.Баталов бастаған делегация 2007 ж. шілдеде Мароккода іссапармен болды.
2006 ж. тамызда Марокко Королінің арнайы өкілі - Ауыл шаруашылығы, ауылды дамыту және балық шаруашылығы министрі Муханнада Лаэнсердің, сондай-ақ 2007 ж. маусымда Марокко Корольдігінің Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі М.Буталебтің Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды.
Сапарлар барысында әртүрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы сауда айналымын жандандыру, өзара инвестиция тарту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, шарт-құқықтық базаны дамыту, сондай-ақ Қазақстан бидайын Мароккоға тасымалдау мүмкіндіктері қарастырылды.
Марокконың Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселер және ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Латифа Ахарбаш ханым Астанада өткен 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне, сондай-ақ 2011 ж. 28-30 маусымда ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясына қатысқан болатын.
2011 жылғы 6-8 қазанда Рабат қаласында Қазақстан және Марокко сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 ж. аралығындағы екіжақты сауда айналым мөлшері 95 млн. 454,7 мың. АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт).
Жалпы, қазақстан-марокко қарым-қатынастарын талдайтын болсақ, елдер арасындағы қарқынды байланыстардың болмағандығына қарамастан, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға екі жақтың тең қызығушылығы мен оған қажетті әлеуетінің бар екендігіне көз жеткізуге болады.

Қосылған : 4.12.2013, 11:20, Өзгертілген : 13.02.2019, 11:35