Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылы 6 наурызда орнатылды.

ҚР Елшілігі Мысырда 1993 жылы сәуірде ашылды. 2016 жылғы қарашадан Қазақстанның Мысырдағы Уақытша сенімді өкілі Б.Арыстан.

Мысырдың Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылғы тамыздан жұмыс жасайды. 2014 жылғы қырқүйектен Мысырдың Қазақстандағы Елшісі – Хайсам Салах Камель.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылы ақпанда Мысырға жасаған алғашқы ресми сапары, екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрлері бойынша өзара әрекеттестіктің сипатын айқындап берді, ол Қазақстан – Мысыр қарым-қатынастарыныңтарихындағы маңызды оқиға болды.

Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылы наурызда және 2008 жылы мамырда Мысырға ресми сапарлары, сондай-ақ 2006 жылғы МАР президенті Х.Мубарактың және 2016 жылғы ақпандағы Ә.Ф.Ас-Сисидің Қазақстанға ресми сапарлары екі ел арасындағы барлық салалар бойынша ынтымақтастықтың одан әрі дамуынамықты серпін берді.

Осы жылдар ішінде тараптар әртүрлі деңгейде көптеген сапарлармен алмасты. Солардың қатарында Қазақстан мен Мысыр Парламенттері төрағаларының, Үкімет мүшелерінің, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың басшыларының сапарлары болды. Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың алты раунды өтті.

Екі ел арасындағы көпжақты форматтағы табысты ынтымақтастық пен жоғары деңгейдегі сенімнің жарқын мысалы ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне екі елдің кандидатураларын қолдау бойыншаөзара келісімге қол жеткізгенін атап өтуге болады: 2016-2017 жылдар аралығында Мысыр және 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан.

Мысыр Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам Ұйымының Жарғысына және «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы Келісімге қол қойды.

Сондай-ақ Мысыр 29 тамызды – ядролық қарудан азат Халықаралық бейбітшілік күні ретінде жариялау, АӨСШК-ті пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру жөніндегі қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетті.

Астана қаласында 2003, 2006 және 2009 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің жұмысына Бас имам Әл-Азһар Шейхінің, Мысыр Уақыфтар министрінің және 2015 жылы Әл-Азһар Шейхі атынан барған Мысыр мүфтиінің белсенді қатысуы конфессияаралық мәселелерді талқылау алаңына айналған аталған форумның табысты өтуіне және оның беделінің нығаюына айтарлықтай ықпалын тигізді.

Сауда-экономикалық салада тығыз ынтымақтастық орнатылған. Қазақстан-Мысыр үкіметаралық сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық комиссиясының төрт отырысы өтті. Кезекті бесінші отырысты 2017 жылдың бірінші жартысында Каир қаласында өткізу жоспарлануда.

ҚР мен МАР арасындағы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша 54,1 млн. АҚШ долларын құрайды.

Екі елдің мәдени салада бірлесіп әрекет жасауында қазақ жерінде туылып, XIII ғасырда Мысыр мен Сирияны билеген атақты Сұлтан Заһер Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты тақырып ерекше орын алады. Қазіргі уақытта Каир қаласында Сұлтан Заһер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2012 және 2016 жылдар аралығында ұлттық творчестволық және басқа да, соның ішінде Елшілікпен ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу үшін Астана қалалық филармониясы мен К.Байсейтова атындағы Опера және балет театрының, Атырау облысының «Ақжелен» және «Мұрагер» фольклорлық ансамбльдері (16-25 сәуір 2016 ж.), Алматы облыстық Сүйінбай атындағы «Сүйінбай сазы» ұлттық творчестволық ансамблінің, «Белес» этно - фольклорлық тобының артистері Мысырға келіп кетті.

Өз кезегінде мысырлық би тобы 2015 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілген мерекелік іс-шараларғақатысты.

2016 жылғы қазанда Каир қаласында қазақтың ұлы ақын-жазушысы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының ескерткішінің салтанатты ашылуы болып өтті. Бюст Каирдің ең әдемі – «Бостандық және достық» - аттыорталық саябақтарының бірінде орнатылды.

Мысырдың жоғары оқу орындарында 200-ден астам қазақстандық студенттер оқиды.

Қазақстан-Мысырқарым-қатынастарының құқықтық негізі 47-ге жуық екіжақты құжаттармен бекітілген.

Қосылған : 4.12.2013, 10:57, Өзгертілген : 11.05.2014, 16:47