ҚР мен ҚХР арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық

 

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды құрамдас болігі болып табылады. Тараптар осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.

2013 ж. 19-20 тамыздағы Қазақстанға ресми сапары барысында ҚХР Сыртқы министрі Ван И былай деп мәлімдеді: «Егер трансшекаралық сулар туралы айтсақ, Қытай Қазақстанның мүддесіне нұқсан келтіретін ешнәрсе жасамайды. Біз, екі тараптың күш салуымен осы мәселені міндетті түрде абыроймен реттеудің жолын табамыз және екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер біздің екі халықты тығыз байланыстыратын түйіннің болатынынасенімдімін».

ҚР Президенті Н.НазарбаевтыңҚытайға мемлекеттік сапарында (2015 ж. 30тамыз – 3 қыркүйек) екі ел басшылары қол қойған Жанжақты стратегиялық әріптестіктің жаңакезеңі туралы бірлескен декларацияда трансшекаралық өзендер мәселесіне ерекше назар аударылған.

Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен ҚХР өзара қарым-қатынастар келесі құжаттармен реттеледі:

1) ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2001 ж. 12 қыркүйек, Астана).

2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі табиғаттық апаттар туралы тараптарды жедел хабарлау жөніндегі келісім (2005 ж. 4 шілде, Астана).

3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі ғылыми зерттеу ынтымақтастығын дамыту туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ.).
4) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы негізгі трансшекаралық өзендердегі шекаралық су бекеттерінің гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттармен (мәліметтермен) өзара алмасу туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ.).
5) ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендер суларының сапасын қорғау туралы келісім (2011 ж. 22 ақпан, Бейжің).
6) ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2011 ж. 13 маусым, Астана).
7) ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісім (2013 ж. 7 қыркүйек, Астана).

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы өзара әрекеттесудің негізгі органы ҚР-ҚХР Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясы (Бірлескен комиссия) болып табылады.

2008 жылы 31 қазанда Бірлескен комиссия ҚР-ҚХР Ынтымақтастық комитетінің құрамына енгізілді.

2003 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда тараптар арасында Бірлескен комиссияның 13мәжілісі өтті.

Бірлескен комиссияның тең төрағалары ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі және ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары.

Бірлескен комиссия жанындакелесіжұмыстоптарықұрылған:

1)    Бірлескен комиссияның сарапшылар жұмыс тобы (2003 ж.)

2)    Трансшекаралық өзендер суларын бөлу жөніндегі негізгі техникалық жұмыстардың жоспарын іске асыру жөніндегі ҚР мен ҚХР жауапты органдарының сарапшылар жұмыс тобы (2010 ж.);

3)    Қорғас өзенінің суын реттеу жөніндегі бірлескен бақылау комиссиясы (2002 ж.);

4)    Сүмбе және Қайшыбұлақ өзендерін пайдаланужәне оның су ресурстарын бөлу жөніндегі тұрақты су комиссиясы (2008 ж.);

5)    Қазақстан-қытай «Достық» ортақ су торабын пайдалану жөніндегі біріккен қызметі (2013 г.);

6)    ҚР-ҚХР арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу жөніндегі келісім жобасын талқылау және келісу бойынша Арнайы жұмыс тобы (2014 ж.).

Бірлескен комиссияның шеңберінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтермен алмасу жұмыстары келесі су бекеттері бойынша жүргізіледі:

1) Ертіс – Боран (ҚР) – Наньвань (ҚХР) гидро бекеттері;
2) Іле өз. - Добын (ҚР) – Саньдаохэцзы (ҚХР) гидро бекеттері;
3) Текес өз. - Текес (ҚР)  – Цзефандацяо (ҚХР) гидро бекеттері.

Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау мәселесі, сондай-ақ ҚР-ҚХР Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы (Комиссия) қызметінің шеңберінде қарастырылады.

ҚР Энергетика вице-министрі және ҚХР Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасарыаталған комиссияның тең төрағалары болып табылады.

Комиссияның аясында екі жұмыс тобы құрылған:

1) Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жасау, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобы;
2) Трансшекаралық өзендердің ластануын алдын алу және төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету жөніндегі жұмыс тобы.

 

 

Қосылған : 10.12.2013, 15:34, Өзгертілген : 25.03.2016, 14:58