Қазақстан Республикасы мен Венесуэла Боливариан Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасының Латын Америкасы аймағының мемлекеттерімен әріптестігі шеңберінде Венесуэламен қарым-қатынастарды дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстар құрайды. Соңғы жылдардың ішінде Венесуэланың Сыртқы істер министрі Д. Родригес пен Венесуэланың Мұнай мен тау кен өнеркәсібі министрі А. Чавестың Астана қ. (2015 ж. 16 қаңтар) сапары әрі Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасары Ф. Пласенсияның Астана қ. (2016 ж. 20 желтоқсан) сапары өтті.

Қазақстан мен Венесуэла арасындағы дипломатиялық қатынастар 1996 ж. 8 мамыр күні орнатылды.

2012 ж. 18 маусымнан бастап Астанада Венесуэланың Дипломатиялық миссиясы қызмет етуде.

Қазақстандық-венесуэлалық ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі келесі құжаттардан құралады:

  • -Қазақстан Республикасы мен Боливарлық Венесуэла Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы туралы хаттама (1996 жылғы 8 мамыр, АҚШ, Нью-Йорк қ.);
  • -Қазақстан Республикасы СІМ мен Боливарлық Венесуэла Республикасы СІМ арасындағы саяси консультациялар орнату тетіктері туралы өзара түсіністік меморандум (2015 жылғы 16 қаңтар, ҚР. Астана қ.).

Екіжақты тауарайналымы көлемі 2016 ж. қаңтарынан қарашасына

дейінгі мерзімде 91,3 мың АҚШ долл. құрады (экспорт – 89,2 мың долл., импорт – 2,1 мың долл.).

Экспорттың негізгі құрамы қара және құнды емес металлдардан жасалған өнімдер болып табылады.

Қосылған : 23.04.2015, 14:53, Өзгертілген : 29.01.2017, 13:50