Қазақстан Республикасы мен Эквадор Республикасы арасындағы қатынастар

Эквадор Республикасымен қатынастарды дамыту Қазақстан Республикасының латын-американдық аймақ мемлекеттерімен өзара қарым-қатынастарын нығайтуда маңызды орын алады.

Екіжақты байланыстар жоғары дәрежедегі кездесулер өткізу арқылы жүзеге асырылады. БҰҰ 68-ші БА шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Эквадор Сыртқы істер министрі Р.Патиньоның кездесуі өтті (25 қыркүйек 2013ж.). Эквадор Сыртқы істер министрі Р.Патиньоның Астана қаласына ресми сапары 2014ж. 4-6 шілдесінде өткізілді. Сонымен қатар, сапар барысында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевпен, Премьер-Министр К.Мәсімовпен, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаровпен және ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалинмен кездесулер өтті.

Қазақстан мен Эквадор дипломатиялық қатынастары 2012 жылдың 23 қаңтар күні орнатылды.

Екі елдің құқықтық-шарттық базасы келесі құжаттарға негізделген:

- Қазақстан Республикасы мен Эквадор Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатудағы өзара түсіністік туралы меморандум (2012 жылғы 23 қаңтар, АҚШ, Нью-Йорк);

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эквадор Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорты бар адамдарды және Қазақстан Республикасы мен Эквадор Республикасының азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісім (2013 жылғы 25 қыркүйек, Нью-Йорк қ., АҚШ; 2016 жылдың 31 тамыз күні күшіне енді).

- Қазақстан Республикасының СІМ мен Эквадор Республикасының СІМ арасындағы саяси консультациялар орнатудағы өзара түсіністік туралы меморандум (2014 жылғы 4 шілде, Астана қ., Қазақстан).

Екіжақты сауда айналымының 2016 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейінгі көлемі 30,3 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 268 мың АҚШ долл., импорт – 30млн. АҚШ долл.).

Негізгі экспорттық тауарлар: қара металлдан жасалған өнімдер.

Негізгі импорттық тауарлар:банандар, экзотикалық гүлдер, көшеттер, тұқымдар.

Қосылған : 22.08.2014, 14:20, Өзгертілген : 29.01.2017, 13:55