Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Чили арасындағы қатынастардың дамуы ілгерілемелі сипатқа ие.

Екіжақты байланыстар жоғары дәрежедегі кездесулер өткізу арқылы жүзеге асырылады.2013 жылдың 30 қыркүйек күні ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Сантьяго қаласында сапармен болып қайтты. Сапар барысында Министр Ыдырысовтың Чили Президенті С.Пиньерамен, Тау-кен өндіру өнеркәсібінің министрі Х.Солминихакпен, Энергетика министрі Х.Бунстермен және Шетелдік инвестициялар комитетінің вице-президенті М.Моримен кездесуі өтті

Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдың 19 тамыз күні орнатылды.

Қазақстандағы Чили Елшісі қызметін қоса атқарушы (Мәскеу қ. резиденциясымен) Хуан Эдуардо Эгигурен болып табылады.

Екі елдің құқықтық-шарттық базасы келесі құжаттарға негізделген:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама(1993 жылғы 19 тамыз, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік, және ресми паспорты бар адамдарды визалық талаптардан босату туралы келісім (2013 жылғы 30 қыркүйек, Сантьяго қаласы; 2015 жылғы 23 мамыр күні күшіне енді).

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Чили Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік және саяси консультациялар орнату туралы меморандум (2013 жылғы 30 қыркүйек, Сантьяго қаласы).

Екіжақты сауда айналымының 2016 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейінгі көлемі 5,4 млн. АҚШ долл. құрады (тек қана импорт).

Негізгі импорттық тауарлар: жемістер, көкөніс дақылдары, молибден рудалары, концентраттар мен шараптар.

Қосылған : 22.08.2014, 14:32, Өзгертілген : 29.01.2017, 13:54