Қазақстан Республикасы мен Кариб Қауымдастығына (КАРИКОМ) мүше елдер ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы мен Кариб Қауымдастығына мүше елдер ынтымақтастығы

Қазақстан Кариб Қауымдастығы (КАРИКОМ) ұйымына мүше 13 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты:

  • 1. Ямайка (27.07.1995 ж.),
  • 2. Антигуа и Барбуда (16.11.2007 ж.),
  • 3. Гренада (15.11.2012 ж.),
  • 4. Сент-Винсент и Гренадины (21.11.2012 ж.),
  • 5. Сент-Люсия (05.12.2012 ж.),
  • 6. Гайана Кооператив Республикасы (11.01.2013 ж.),
  • 7. Суринам Республикасы (11.04.2013 г.),
  • 8. Сент-Китс и Невис Федерациясы (28.04.2013 г.),
  • 9. Доминикан Республикасы (08.05.2013 ж.),
  • 10. Гаити Республикасы (20.09.2013 ж.),
  • 11. Белиз (07.11.2013 ж.),
  • 12. Тринидад и Тобаго Республикасы (16.01.2014 ж.),
  • 13. Багам аралы Қауымдастығы (08.12.2014 ж.),
  • 14. Барбадос – дипломатиялық қатынастар орнатылмаған.

Қазақстанның Кариб қауымдастығындағы Өкілетті өкілі Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов болып табылады (2015 ж. бастап).

Қазақстан Кариб Қауымдастығымен (КАРИКОМ) өзара тиімді, сонымен қатар ұйымға мүше елдермен екіжақты, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуына аса мән беруде. 2012-2016 жж. аралығы КАРИКОМ елдерімен ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болды. Аталмыш аралықта ұйым мемлекттермінің көпшілігімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

Жоғары деңгейдегі байланыстар КАРИКОМ елдерімен ынтымақтастықтың негізін қалады. ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Нью-Йорк қаласында өткен КАРИКОМ Сыртқы істер министрлер кеңесінде шақырылған қонақ ретінде қатысты. ҚР Сыртқы істер министрдің орынбасары Е. Ашықбаев Гайанада өткен КАРИКОМ-ның Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша кеңесінің отырысына қатысты (2015 ж. сәуір).

КАРИКОМ елдері Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді қатысты.

Қазақстанның КАРИКОМ елдерімен жалпы сауда көлемі 2017 жылғы қаңтар-қараша аралығында 248,7 мың АҚШ долл. құрады. (экспорт – 8,2 мың АҚШ долл., импорт – 240,5 мың АҚШ долл.)

Қосылған : 18.01.2017, 01:18, Өзгертілген : 20.02.2018, 13:00