Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 28 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 ж. Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

1996 ж. Қазақстан Республикалының Корея Республикасында Елшілігі ашылды.

2018 ж. сәуір айынан бастап Бақыт Дүйсенбаев Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі болып тағайындалды.

2017 ж. сәуір айынан бастап Ким Дэ Сик Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық әріптестер және оның қарқынды тереңдеу деңгейіне шықты. Астана мен Сеул арасында саяси қарама-қайшылықтар жоқ. Оңтүстік Корея басшылығы ҚР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін жоғары бағалайды, Қазақстанның АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін қолдап, олардың жүзеге асуына белсенді қатысады.

Ұлттық экономикаларымыз өзара бәсекелеспей, бір-бірін толықтыратын сипатқа ие. Халықтарымыздың ділі, атадан келе жатқан дәстүрлері, сенімі әрі қазақ және корея тілдерінің ұқсастығы бар.

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасын ұзақ мерзімді мүдделері, Азиядағы халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа деген жауапкершіліктің жалпы бірдей түсініктері біріктіреді.

Азия-Тынық мұхит аумағында және жалпы Азияда өзінің жеке мүддесі бар біздің ел үшін өз аумағында жетекші орының бірін алатын Кореямен берік қарым-қатынасты дамыту маңызды. 21 ғасырда Сеулдің жаһандық рөлінің көтерілуі, мемлекеттің геосаяси орналасуы және халықаралық күн тәртібінің басты мәселелерінің біріне тікелей қатысуы оған Шығыс Азия аумағындағы беделді ойыншылардың бірінің мәртебесін беріп отыр.

Екі елдің парламенттері арасында екіжақты Достық және ынытмақтастық тобы құрылып, өз жұмысын жалғастыруда.

Жыл сайын өтетін жоғарғы деңгейдегі кездесулер екі ел арасында достық пен берік қатынастардың айғағы. Ел басшылар арсында уағдаластықтар өзара қарым-қатынастарымыздың жоғары серпінділігін және олардың жоғарғы нәтижелерін көрсетеді.

Елбасымыз Корея Республикасына үш мәрте мемлекеттік (1995 ж 15-18 мамыр, 2010 ж. 21-23 сәуірде, 2016 ж. 9-11 қарашада), бір мәрте ресми (2003 ж. 12-14 қарашада), және бір мәрте жұмыс (2-ші Ядролық қауіпсіздік саммиті 2012 ж. 26-27 наурызда) сапарларымен барып қайтты.

Корея Республикасының Президенті Қазақстанда мемлекеттік (Но Му Хён 2004 ж. 18-20 қыркүйекте, Ли Мён Бак 2009 ж. 12-14 мамырда, Пак Кын Хе 2014 ж. 18-20 маусымда), екі мәрте ресми (Ли Мён Бак 2011 ж. 24-25 тамызда және 2012 ж. 13-14 қыркүйекте) сапарларымен болып қайтты.

Сонымен қатар, Елбасымыз Оңтүстік Корея басшыларымен басқа мемлекеттерде өтіп жатқан халықаралық іс-шаларда кездескен (Ли Мён Бакпен 2008 ж. 9 тамызда Пекин қ. Олимпияда ойындар аясында, Пак Кын Хемен 2013 ж. 6 қыркүйекте «G20» Санкт-Петербург саммиті және 2016 ж. 4-5 қыркүйекте «G20» Ханчжоу саммитті аландарында кездесті).

Сауда-экономикалық қатынастар

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 1,465 млрд. АҚШ. долларға жуық сомманы құрды. Бұл 2016 ж. ұқсас мерзімінің (627 млн. АҚШ доллар) көрсеткішінен екі есе жоғары. Қазақстанның Оңтүстік Кореяға экспорты 941,1 млн. АҚШ долл., ал импорты – 524 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазақстанның басты экспорттық тауарлары: уран, ферроқорытпа, болат, алтын және мыс;

Қазақстанның басты импорттық тауарлары: электроника, машина жабдықтар, құралдар, шынақтар (кабиналар) және көліктер, автомобилдер және т.б.

Қазақстанда Оңтүстік Кореямен бірлесіп құрылған 900 заң тұлғалары, филиалдары және өкілдіктері тіркелген.

Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың айрықша ерекшеліктерінің бірі мәдени-гуманитарлық байланыстардың берік болуы болып табылады. Бұл саладағы қарым-қатынасымыз жоғары деңгейге жетті. Халықтарымыз арасындағы, әсіресе мәдени-гуманитарлық салада, бірқилы көпір рөлін атқаратын Қазақстандағы корей диаспорасы үлкен маңызға ие.

Каннам университетінде Қазақстантану кафедрасы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Хангук шет тілдер университетінің Орталық Азияны зерттеу кафедрасында қазақ тілі оқытылады.

Тараптар тұрақты түрде түрлі мәдени шаралар өткізеді. Соңғы жылдары Корея Республикасына А.Мұсаходжаева мен «Солистер академиясы», Г.Мурзабекова, Ж.Әубәкірова, Н.Усенбаева, «Елимай», «Іскер», «Нарын», «Адырна», «Алтынай», «Дидар», «Наз» және «Дәурен» топтары концерттерімен келді. Қазақ мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі мен Сеул филармониялық оркестрі арасында серіктестік орнатылды. Қазақстанның Корея Республикасында және Корея Республикасының Қазақстандағы мәдени жылдары өтті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның өңірлері арасында қарым-қатынастар дамуда.

Екі елдің астаналары арсында бауырлас-қатынастар орнатылды (2004 ж.). Сонымен қатар, Ақтау мен Чханвон қалалар арасында достастық протоколына қол қойылды. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және басқа да областардың қатысуымен екі ел арасында сауда –инвестициялық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Қосылған : 24.01.2018, 17:30, Өзгертілген : 8.06.2018, 12:00