Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

1992 жылғы 19 тамызда –дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2013 жылғы мамырда Лиссабонда Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бөлімшесі ашылды.

2015 жылғы шілдеде Қазақстанда Португалияның Елшілігі ашылды.

2015 жылғы шілдеден бастап Португалияның Қазақстандағы Сенімді Өкілі А.да Силва.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Португалия азаматтарына 30 күнге дейін визасыз режим енгізілген.

Саяси қарым-қатынастар

2009 жылғы 19-21 сәуірде Лиссабонда ЕҚЫҰ ПА бюро отырысы барысында Парламент Сенатының төрағасы Қ-Ж.Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы Португалия депутаттарымен кездесті.

2010 жылғы 15-16 шілдеде Португалияның Мемлекеттік министрі –Сыртқы істер министрі Л.Амаду Қазақстанға сапармен келді (Алматыдағы ЕҚЫҰ СІМС қатысу үшін). Сыртқы істер министрлері Министрлер дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

2010 жылғы 18-19 қарашада НАТО саммитіне қатысу шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Португалияға жұмыс сапары болып өтті. Сапар барысында Португалияның Премьер-министрі Ж.Сократешпен кездесуі өтті.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Португалияның Мемлекеттік министрі–Сыртқы істер министрі Л.Амаду Астанада өткен ЕҚЫҰ отырысына қатысты.

2012 жылғы 5 наурызда Лиссабонда Министрдің орынбасары А.Волковтың және Португалия СІМ Сыртқы саясат бойынша бас директоры Р.Мачейраның басшылығымен сімаралық консультациялар өтті.

2012 жылғы 29-30 маусымда Португалияның Мемлекеттік министрі–Сыртқы істер министрі П.Порташ Қазақстанға екіжақты қарым-қатынастардың тарихында бірінші ресми сапарын жасады.

2012 жылғы 6 желтоқсанда Лиссабон қаласында екіжақты дипломатиялық қатынастардың тарихында ҚР тәуелсіздігінің бірінші тойлауы өтті.

2013 жылғы 15-16 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Португалияға алғашқы ресми сапары өтті.

2014 жылғы 22 мамырда Португалия Респуликасы Премьер-министрінің орынбасары П.Порташ VII АЭФ және II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысу шеңберінде Қазақстанға ресми сапармен келді.

2017 жылдың басы – Португалия Республикасының Парламенті Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады (резолюция нысанында).

2017 жылғы 6-8 қарашада «Web Summit 2017» халықаралық IT-конференциясына қатысу үшін ҚР Премье-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің Лиссабон қаласына сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 жылдың 11 ай қорытындылары бойынша ел арасындағы сауда айналымы 545,9 млн. (экспорт – 304,4 млн. долл., импорт – 13 млн. долл).

2005-2017 жылдар бойынша Португалия инвестицияларының Қазақстан экономикасындағы көлемі 249,6 млн. долл. құрайды.

Қазақстан экспортының негізгі бөлігін мұнай, мақта, қара металл құрайды. Португалиядан импортты тығын ағашы, жабдықтар, машиналар, су көлік құралдары, фармацевтикалық өнімдер құрайды.

2010 жылғы 22-26 қыркүйекте Қазақстанға Гульбенкян атындағы корының басшысы - «Партекс» компаниясының президенті Э.Виллардің басшылылығымен Португалия делегациясы сапармен келді

2011 жылғы 5 желтоқсанда Лиссабон қаласында Португалияның Өнеркәсiптiк Қауымдастығымен бірлесіп ҚР Франциядағы Елшілігі Қазақстан-португал бірінші бизнес форум өткізді. Екінші бизнес-форум 2012 жылғы маусымда, үшінші 2013 жылғы 15 мамырда Лиссабонда өтті.

2014 жылғы 8-10 қыркүйекте «Партекс» компаниясының президенті А.Силваның басшылығымен Португалия делегациясының Қазақстанға сапары өтті.

2017 жылғы 11 мамырда Португалия Республикасының Үкіметі мен EDP, TAP Portugal, Siemens компаниялардың басшылығының қатысуымен инвестициялық форум ұйымдастырылды.

2017 жылғы 13 сәуірде «Португалия-Қазақстан» мемлекеттік емес сауда-өнеркәсіптік және инвестициялық палата құрылды.

2017 жылғы 11 желтоқсанда Лиссабонда Galp, Repsol, Grupo Amorim, Proman, Technoprojecto International, PCG Profabril Group, Prospectiva, Set Linings International и João Mata компаниялары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қосылған : 17.05.2018, 16:30, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:30