Испанияның Наварра автономиясы Қазақстанмен жасыл энергетика және денсаулық сақтау саласында ынтымақтастыққа мүдделі

ПАМПЛОН (Испания), 2019 жылғы 18-19 маусым - Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшісі Константин Жигаловтың жаңартылатын энергия көздері секторы, агроөнеркәсіптік кешені және денсаулық сақтау жүйесі дамыған елдің автономиясы – Наварраға жұмыс сапары өтті.

Автономияның астанасы – Памплонада К.Жигаловтың Наварра Үкіметінің төрағасы У.Баркоспен кездесуі өтіп, оның барысында қазақстан-испан ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелер, соның ішінде парламентаралық және аймақаралық байланыстар талқыланды. Қолда бар перспективаларды ескере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Наварраның сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Х.Табернмен кездесу өткізіп, оның негізінде АӨК, металлургия және құрылыс секторларындағы аймақтық компаниялардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді. "Дөңгелек үстелге" қатысушылар ҚР-дың инвестициялық ахуалымен және салық преференцияларымен танысты.

Сапар аясында К.Жигалов Ұлттық жаңартылатын энергетика орталығының (CENER) бас директоры П.Айеспен кездесіп, Орталықтың зерттеу жұмысымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта CENER делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен (ХЖТИЖО) ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. CENER өкілдеріне Қазақстанда "waste-to-energy" технологиясын енгізу мәселелері бойынша ҚР Энергетика министрлігімен жұмыс байланыстарын орнату ұсынылды.

Сонымен қатар, сапар барысында Елші К.Жигалов "Acciona Energia" компаниясының эксперименталды аймағына және жел қондырғыларын басқаруды бақылау орталығына барды. Компанияның басшылығы ү.ж. мамырда ЖЭК саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға және аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін Қазақстанға барған болатын.

Қазақстандық дипломат Еуропадағы жетекші мекеме болып табылатын Наварра университеттік клиникасының медициналық мамандану және ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары дәрежесімен танысты. Клиникада сәтті емделген бірқатар қазақстандық емделушілермен ынтымақтастықтың тәжірибесі атап өтіліп, Қазақстанның медициналық мекемелерімен өзара іс-қимыл перспективасы белгіленді.

Қосылған : 20.06.2019, 10:00, Өзгертілген : 20.06.2019, 10:00