Лахор қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті Консулдығының салтанытты ашылуы өтті

ЛАХОР, 2019 жылғы 2 сәуір Қазақстан Республикасының Лахор қаласындағы Құрметті Консулдығының салтанытты ашылуы өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов және Қазақстанның Пәкістандағы Құрметті Консулы Миян Насыр Джанджуа мырза қатысты.

Пәкістанның ең ірі құрылыс концерндерінің бірі «MIDJAC Group» Президенті Миян Насыр Джанджуа осыдан 20 жылдан астам Құрметті Консул міндетін атқарып, пәкістандық бизнес қауымдастығы арасында Қазақстан мүддесін ілгерілетуде.

Құрметті Консулдықтың басты мақсаты – пәкістандық инвесторларды Қазақстанға тарту, сондай-ақ Пәкістандағы қазақстандық бизнесмендерге көмек пен қолғабыс көрсету.

Қазақстан Республикасының Құрметті Консулдығы келесі мекенжай бойынша орналасқан: 87, D-1 Boulevard, Gulberg-III, Lahore.

Қосылған : 2.04.2019, 19:00, Өзгертілген : 2.04.2019, 19:00