Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен кездесті

ТБИЛИСИ, 2019 жылғы 2 сәуір - Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен кездесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Қазақстан Елшісі еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне кірісуіне байланысты грузиялық тараптың бұрын жолдаған құттықтау хаты үшін ризашылығын білдірді.

Грузия Президенті өз сөзінде елдер арасында қалыптасқан қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Сондай-ақ, С. Зурабишвили Қазақстанның сыртқы саясатындағы сабақтастық принципін оң бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамитынына сенім білдірді.

Қосылған : 3.04.2019, 18:00, Өзгертілген : 3.04.2019, 18:00