2018 жылы 16 наурызда Сирия бойынша Астана процесі кепілгер елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтетінін хабарлаймыз.
Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырамыз.
Аккредитация алу үшін 12 наурыз сағат 15.00-ге дейін электрондық поштаға «Astana Process» тақырыбымен толтырылған аккредитациялық үлгіні және паспорттың көшірмесін (жеке куәлік) жолдауларыңыз қажет.
Іс-шараға қатысу үшін кіребересте паспорт (жеке куәлік) және журналистік куәлікті (шет елдік БАҚ өкілдері үшін аккредитациялық карта) көрсету міндетті.
Кездесудің уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланатын болады. Үйлестіруші - Әлия Қайырлиева, тел.: +7-7172-72-00-11.