Сингапур Республикасының экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен үрдістері

Сингапурдың қаржы министрлігінің баяндамасы бойынша, ағымдағы жылы сыртқы сұранымның төмендеуіне байланысты елдің экономикалық өсімі едәуір баяулаған, алайда экономикалық негіздері мықты болып сақталуда. Атап айтқанда, жұмыс нарығы толық қамтылған және қосымша жұмыс орнын құру әлеуеті бар. Сингапурдың мықты жақтарына елдегі тұрақты бизнес орта, жоғары білімді және білікті мамандар, әлемдегі және өңірдегі жақсы экономикалық қатынастарға байланысты шетелдік инвестиция тарту қабілеттігі жатады. Сингапурдың экономикасы 2012 жылы шамамен 1,5 пайызға өседі деп күтілуде. Сингапурлық экономисттердің пікірінше, жаһандық экономикалық өсім қысқа мерзімде әлсіз болып сақталады, үйткені дамыған экономикалардағы үкіметтер мен шаруашылықтар шығындарын тыюді жалғастыруда.

Тәуелсіз экономисттер де 2012 жылы сингапурлық экономиканың өсімін 1,5 пайыз болады деп болжамдауда, алдыңғы сауалдамада 2,4 пайыздық өсім болжамданған болатын. Сауалнама қаржы және сауда салаларында тиісті 0,5 және 0,3 пайыздық ахуалдың нашарлауы күтілетінін, ал құрылыс саласы 8,9 пайызға өсетінін көрсетті. Тәуелсіз экономисттердің пікірінше, өндіріс саласы 2012 жылы 1,1 пайызға өсуі мүмкін.

Ү.ж. қарашада Сингапурдың өнеркәсіп өндірісі жылына 3,1 пайызға өсті. Сингапурдың Экономикалық даму кеңесінің жарияланған мәліметтері фармацевтиканың 13,2 пайызға және медициналық техника сегментінің 11,9 пайызға өсуіне байланысты биомедициналық кластер жылына 12,9 пайызға өскенін көрсетті. Осыған қарамастан, сарапшылар биомедицина саласы электроника саласындағы әлсіздікті теңгере алмайтынын атап айтуда.

Сингапурдың ЖІӨ 20 пайызын құрайтын өндірістік саланы қолдау мақсатында Сингапурдың өндірушілер федерациясы 2013 жылы жаңа Әлеуетті дамыту бағдарламасын іске асыратыны туралы жариялады. Жаңа бастама өндірушілерге бәсекелестік ортаны бағалауға, өздерінің бизнес үлгісін қайта қарастыруға және тиісті үкіметтік гранттарды алуға мүмкіндік береді.

Экономисттер Сингапурдың өндірістік саласы 2013 жылы қиындықтармен кезігуді жалғастырады деп ойлайды. Олардың пікірінше, макроэкономикалық тұрақсыздық факторларымен қатар, өндірушілер білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі мен бағалардың өсуі сияқты мәселелерді шешуі қажет. Жергілікті өндірушілер АҚШ пен Батыс Еуропа дамыған елдері, сондай-ақ Қытай мен Вьетнам сияқты дамып келе жатқан нарықтармен қатты бәсекелестікке тап болуда. 2012 жылғы мықты сингапурлық доллар да экспорттаушыларды бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келді.

Сингапурдың валюта басқармасының мәліметі бойынша, ү.ж. қарашада Сингапурдағы инфляция деңгейі жылдық есептегенде 3,6 пайызды құрады, ал қазанда 4-пайыздық өсім көрсеткен болатын. Бұл мәліметтер тәуелсіз экономистердің болжалынан төмен болды. Инфляция баяулауының негізгі себебі ү.ж. қарашада тұрғын үй және көлік шығындарының төмендеуі болды. Тұрғын үй шығындары ү.ж. қазандағы 6,8 пайыздық өсіммен салыстырғанда ү.ж. қарашада жеке және мемлекеттік салалардағы жалға алу бағамының төмендеуіне байланысты 6,6 пайызға өскен. Көлік шығындары ү.ж. қазандағы 8,3 пайыздық өсіммен салыстырғанда ү.ж. қарашада автокөліктер бағасының төмендеуіне байланысты 6,7 пайызға өскен. Сингапурдың валюта басқармасының мәлімдемесінде импортталған инфляция жалпы зарарсыз болып, жұмыс нарығының тұрақтылығы 2013 жылы жалақының өсуіне қолдау көрсететіні туралы айтылған. Жылдық инфляция ресми болжамы ағымдығы жылы 4,5 пайыздан сәл жоғары, 2013 жылы 3,5 пайыздан 4,5 пайызға дейін құрайды.

Есепті мерзімде сингапурлық экономиканың ахуалына оң әсер ететін сыртқыэкономикалық жаңалықтар туралы мәлім болды. Солай, Еуроодақ пен Сингапур Еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздердің сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеді. Құжат Сауда бойынша еурокомиссар Карел де Гюхт пен Сингапурдың өнеркәсіп және сауда министрі Лим Хнг Киангтың ратификациялауынан кейін күшіне енеді.

Сингапур Еуроодақтың азиялық өңірдегі ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, тауар мен қызмет айналымындағы оның үлесі 74 млрд.еуроны құрайды. Сонымен 2009-2011 жылдарда екі ел арасындағы сауда айналымы 40 пайызға өсті. Экономисттер жаңа келісім тауармен саудасымен қатар, банк және сақтандыру қызметі көлемінің өсуіне оң әсер етеді деп күтуде. Еркін сауда туралы келісімнің күшіне ену бойынша барлық шаралар 2013 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, АСЕАН мен Үндістан арасында Еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздердің аяқталғаны туралы жарияланды. Сингапурдың премьер-министрі Ли Сянь Лун келісімге жедел түрде қол қойылатынына сенім бірдірді. Үндістанның премьер-министрі Манмохан Сингх АСЕАН мен Үндістан арасында сауда соңғы бірнеше жыл ішінде 10 есе өскенін атап өтіп, Еркін сауда туралы келісімге қол қою екі тарап арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды ынталандырады деп жариялады.

ҚР Сингапурдағы Елшілігі

Қосылған : 20.11.2013, 11:53, Өзгертілген : 8.05.2014, 02:02