Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу

ҚазақстанРеспубликасы

Үкіметінің

2014 жылғы «   »

№                  қаулысымен

бекітілген

«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, Министрліктің Консулдық қызмет департаментінің Алматы қаласындағы өкілдігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ресімделген шақыру.

  Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

  7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

1) Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

5) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

6) шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына түсіністік  қағидаты негізінде келетін шетелдіктерге;

7) 16 жасқа дейінгі балаларға;

8) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін тегін көрсетіледі.

  8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

  Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Шетелдіктерге шақыру ресімдеу:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі растаухаттың 3 данасы немесе, көрсетілетін қызмет алушы, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар болған жағдайда вербалдық нота;

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

«D2» және «D3» санаттардағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжаттар ретінде қазақ немесе орыс тілінде ағымдағы жылмен нотариалдық куәландырылған шарттар мен келісім-шарттар ұсынылады;

«D8» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қуаттама-хаты ұсынылады;

«Е1» және «Е2» санаттардағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжаттар ретінде діни қызмет саласын мемлекеттік реттеуге уәкілетті мекемесімен келісілген хат ұсынылады;

«Е3» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде «Е2» санаттағы берілген визаның көшірмесі ұсынылған, «Е2» санаттағы визаға үміткер тұлғалармен туыстастығын растайтын, нотариалдық куәландырылған құжаттардың көшірмесі ұсынылады;

«G2» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде негізгі қызметі ҚР-ға емделу, медициналық зерттеу немесе консультация мақсатымен виза алушыларға медициналық көмек көрсету болып табылатын ҚР аумағында орналасқан медициналық мекеменің шақыру қағазы ұсынылады.

ҚР-да орналасқан медициналық мекемелермен виза алушыларға берілген, тұрақты жағдайда емделу қажеттілігін растайтын құжаттар;

Тұрақты жағдайда емделіп жатқан ҚР аумағында тұрғылықты тұратын немесе ҚР азматтарына күтім көрсету мақсатымен, ҚР-да болушы немесе бағытталушы, жақын туысқандарына медициналық мекемелермен берілген науқастың тұрақты емделуде болуын  растауы;

«Н1» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде бағытталған елге кіруге рұқсат беретін жол жүру құжаты, ресімделген виза немесе басқа да негіз болушы өтініш ұсынылады;

«К1» және «К2» санаттардағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжаттар ретінде орыс немесе қазақ тіліне аударылған неке қию (баланың туылуы) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;

«L1» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде шетелдік студент пен университеттің арасындағы келісім, шақырылушы шетелдік азамат (азаматтар) туралы түгел ақпаратты қамтитын оқу орнымен берілетін шақыру хаты ұсынылады;

«L2» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде тәжірибе немесе тағылымдама өту ескерілген қазақстандық және шетелдік оқу орны арасындағы келісімнің куәландырылған көшірмесі; білім беру мәселелеріне уәкілетті ҚР мекемесімен немесе ҚР –дың білім беру  мекемесімен берілген өтініші ұсынылады;

«М1» және «М5» санаттардағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжаттар ретінде шетелдік жұмыс күшін тартуға (ағымдағы жылмен нотариалды куәландырылған) рұқсаты ұсынылады;

«М2» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжат ретінде «М1», «М5» санаттағы берілген визаның көшірмесі «М1», «М5» санаттағы визаға үміткер тұлғалармен туысқандық қатынастығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады.

«N1» және «N2» санаттардағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін қосымша құжаттар ретінде болу елдің заңнамаларына сәйкес ресми тіркелген үкіметтік емес қоғамдық мекеменің (фонд) немесе, ҚР-да аккредиттелген халықаралық мекеменің өтініші ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы  көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні,  берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының  нөмірі - 1414.

__________________________

Қосылған : 20.06.2014, 15:52, Өзгертілген : 24.07.2014, 19:17