«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу»

«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» 
мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер
 

1. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64; 
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 251-бабының 2-тармағы «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу қағидалары» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы «__»___________ №__________ бекітілген бұйрығына сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібі мен қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде орналастырылған. 
5. Осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Қазақстан Республикасынан тысқары кеткенге дейiн, баланың төлқұжатына қосымша бетке консулдық есепке алынғаны туралы белгі қойылады немесе бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.
7. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – бес жұмыс күнінен артық емес;
2) мемлекеттiк қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;
3) төлқұжатты беру кезiнде тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай: Қазақстан Республикасында – Министрлік ғимараттарында;
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.

2. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтi алу үшiн мынадай құжаттар екі данада тапсырылады (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):
1) асырап алынған баланы консулдық есепке алу туралы өтiнiш осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген;
2) шетелдіктерге асырап алуға берілген ҚР азаматы болып табылатын балалардың консулдық есепке алу туралы дербес карточкасы осы стандарттың 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген;
3) iшкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат жазбасы бар баланың Қазақстан Республикасының ұлттық паспорты;
4) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
5) баланың екі түрлі-түсті фотосуретi 3,4 х 4,5 өлшеммен;
6) консулдық алым төленген түбіртек (түпнұсқасы);
7)нотариалды куәландырылған бала асырап алушының мүддесін білдіретін жеке тұлғаның атына сенімхат;
8) нотариалды куәландырылған баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
9) нотариалды куәландырылған баланы асырап алу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
10) нотариалды куәландырылған сот шешімінің көшірмесі.
12. Балаларды консулдық есепке алуға бланкілер (өтініш-сауалнама) Министрліктің қызметкерлерімен беріледі, сондай-ақ, Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде және ақпараттық стендттерінде.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон (7172) 72-01-64. 
14. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес қабылданған құжаттар осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу бойынша тізілімде» тіркеледі. Мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды өткізгенін растайтын, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушы баланы консулдық есепке алуы бойынша қабылданған шешім туралы телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі. 
Балаларды есепке алу мемлекеттік қызметті алушыға немесе уәкілетті адамға паспортты беру Қазақстан Республикасының жеке куәлігін немесе паспортын немесе нотариалды куәландырылған бала асырап алушының мүддесін білдіретін жеке адамның атына сенімхатын ұсынған жағдайда паспортты беру журналында қол қою арқылы жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мына жағдайларда бас тартылады:
1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынса;
2) консулдық алым төленбеген жағдайда.

3. Жұмыс қағидаттары
 

17. Министрлік және шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Министрліктің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Министрліктің бұйрығымен бекiтіледi.

5. Шағымдану тәртібі

20. Мемлекеттiк қызметті ұсыну нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, электрондық пошта: dks_astana@mfa.kz.
21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-05-18 факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді. 
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жұмыс күндері 
сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28- ғимарат, телефон (7172) 72-01-64, электрондық пошта: dks_astana@mfa.kz.
23. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар. 
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Министрліктің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, мемлекеттік қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы болады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға туралы, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі. 
25. Қабылданған шағым Министрліктің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілетін осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. 
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады. 
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон (7172) 72-01-64, электрондық пошта: dks_astana@mfa.kz.

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

6-қосымша

Қосылған : 22.11.2013, 12:24, Өзгертілген : 22.11.2013, 12:28