«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік қызмет паспорты
Қызмет көрсетуші:
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.
Жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Веб-сайт:
шетелдегі мекемелердің сайттары
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:
қағаз түрінде
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу - күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күннен аспайды;
ата-анасының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, олардың фотосуреттерін жапсыра отырып, 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны енгізу - 3 (үш) жұмыс күннен аспайды;
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) паспортты ресімдеу үшін мынадай:
еркін нысандағы өтініш;
туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
мөлшері 3,5х4,5 см төрт түрлі түсті фотосурет;
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
2) паспортқа жазба енгізу үшін мынадай:
баланың туу туралы куәлігі;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет;
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу не паспортқа жазба енгізу
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:
1414, 8 800 080 7777
* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз