Шавкат Сабиров. Қазақстанның жаңа медиалары: талдау және даму трендтері

Шавкат САБИРОВ

Қазақстанның жаңа медиалары:

талдау және даму трендтері

Қазақстанның ақпараттық қоғамы мен цифрлық экономикасы бүгінде өзінің басты құрауышы – елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылатын ақпараттық кеңістіктен жеке-дара өмір сүре алмайды. Медиалық орта қарыштап дамуда, ал ондағы өзгерістер көбінесе өте қысқауақыт ішінде болып жатады және олар бірнеше күндермен немесе апталармен өлшенеді. Коммуникациялар, ақпарат алмасу және бизнестің дамуы үшін қағидаттық жаңа мүмкіндіктер қоғамды ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік құрылыстың өзін де өзгертеді. Медиалық жаңа технологиялар миллиондаған адамдардың әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өміріне тигізілетін әсердің шешуші факторына айналды.

Орталық Азияда Қазақстанның ақпараттық кеңістігі басқа елдермен салыстырғанда барынша серпінді және прогрессивті түрде дамуда. Олар:

- қоғамды жаңа технологияларды пайдалануға ынталандыратын «электрондық» үкіметтің цифрландырылуы және мемлекеттік онлайн-қызметтер;

- күнделікті өмірде банктік технологияларды жаппай пайдалану міндетті түрде электрондық ақылы қызметтердің дамуына әкеледі;

- бизнесте және қоғамда жаңа бағыттардың дамуына ықпал ететін елдің экономикалық дамуы;

- Интернеттің қоғамға енуінің жоғары деңгейі және оның ел тұрғындары үшін қол жетімділігі;

- Қазақстандағы халықтың өсуі Қазақстанның цифрлық қоғамының дамуының негізгі қозғаушы күштеріне айналды.

Ақпараттық қоғамды дамытудың қозғаушы күштері күнделікті өмірде жаңа технологияларды пайдаланудың белсенді түрде артуына, ақпараттық ортаның ақшаға айналуына және коммерциялануына, коммуникациялардың жаңа және заманауи әдістерінің пайда болуына, ұтқыр құрылғылардың есебінен аудиторияның кеңеюіне ықпал етті. Бала туудың артуы да өз кезегінде елдің медиа тұтынуында жастар тобының көбеюіне мүмкіндік берді.

Ақпараттық ортаның белсенді түрде дамуы онда дәстүрлі және жаңа медиалық ақпараттық ағындардың бірігуі жүретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласы мен медиалық жүйелердің дамып отырған конвергенциясына әкелді. Конвергенция ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың интеграциясынан бастап бизнес-технологиялар мен тұтынушыларға, түпкі пайдаланушылар мен корпоративтік қосымшалар технологияларына дейінгі көптеген деңгейлерде осы заманғы ақпараттық табиғатқа құбылыс ретінде енді. Ақпарат тудырудың және оны пайдаланушыдан аса ірі ақпараттық ресурсқа дейін жеткізудің жаңа модельдері материалдарды жаңа медиада және әлеуметтік желілерде жылдам жариялауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның цифрлық нарығының дамуы контенттің сапасына және оны жеткізуге, бизнес пен жарнаманы, маркетинг пен телекоммуникацияларды ілгерілетуге, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның арасындағы өзара іс-қимылға әсер етеді.

Осыдан 15 жыл бұрын ғана елдегі медиатұтынушылық туралы айтудың мағынасы болмайтын еді, өйткені қазақстандықтарды отандық жаңалықтар аса қызықтыра қойған жоқ, сондықтан негізінен орыс тілді контент Ресейдің вебсайттарына қызығушылық танытты. Алайда 2010 жылдан бері қарай қазақстандық медиалық онлайн-кеңістіктің белсенді түрде құрылуы басталды. Осы кезеңде жаңа медиалар туындай бастады, ақпараттық агенттіктер пайда болды, ақпараттық кеңістікте өзіндік пікірі бар отандық жас көшбасшылардың алғашқы тобы қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда қазақстандық орта статистикалық интернет пайдаланушы өзінің жұмыс күнін жергілікті жаңалықтардан бастайды және сол арқылы өзінің медиатұтынуға қатысатынын көрсетеді. Екінші жағынан, қазақстандық медиа нарық шетелдік медиа агенттіктерінің тарапынан да, сондай-ақ бірнеше дүркін өзгеріп отыратын саяси күн тәртібінің тарапынан да қысымға тұрақты түрде ұшырап отырды.

Қазақстанда өткен және ағымдағы жылдардағы медиатұтынуды талдау нәтижелері Қазақстанда медиаконтенттітұрақты «тұтынушылар қоғамының» қалыптасқандығын көрсетеді. «Қазақстан медиаметриксі» жаңалық материалдарын талдау порталының (mediametrics.kz) деректері бойынша Қазақстанда бір айда 11 млн. қарау деңгейіндегі айлық тұтыну аудиториясы жағдайында 40,000 астам жаңалықтар материалдары пайда болады. Деректерді бағалау және талдау қазақстандық медиаресурстардың дүниежүзілік ғаламторға деген сұраныстарының көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі. Бұлқазақстандық вебсайттарға өтетін жаһандық желідегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты, сондай-ақ осы пайдаланушылар қарайтын негізгі әлеуметтік желілерді, іздестіру жүйелерін және басқа да сыртқы ақпараттық көздерді (Қазақстан үшін) тіркеуді білдіреді. Ақпарат қазақстандық 190 вебсайтта тіркеледі және белгілі бір уақыт аралығында сыртқы көздердегі әрбір пайдаланушы жөніндегі деректерді біріктіруге мүмкіндік береді. Осы мақалада сыртқы өтпелердің 46 көзі қарастырылады, олардың арасында Android, Facebook, Google, GoogleAPis, LentaInform, Mediametrics, News.Google, News.Yandex, Odnoklassniki, Twitter, Vkontakte, Yandex, Zen.Yandex және тағы басқалары бар.

Әділдік үшін төмендегі кестеде өңірдің медиалық кеңістігін қалыптастыратын Орталық Азия елдері үшін жалпы көрсеткіштер келтірілген. Кестеден көрініп тұрғандай, Қырғызстан 12 мыңға жуық жаңалықтар материалдарын, Өзбекстан 6 мыңға жуық және Тәжікстан 1 мыңнан сәл ғана асатын материалдарды қалыптастырады.

Ел

Жаңалықтар саны

Өтпелердің саны

Қазақстан

43,304

10,288,099

Қырғызстан

11,951

729,405

Өзбекстан

5,987

503,661

Тәжікстан

1,113

8,118

1-кесте Орталық Азия елдері бойынша деректер

Айталық, мысалы, 2018 жылы интернет пайдаланушылардың жаһандық желілерден қазақстандық жаңалықтарға 136,037,166 өтпелері жағдайында Қазақстанда 509,600 жаңалықтар материалы жасалды.

Қазақстан үшін орташа көрсеткіштер – бұл айына 40 мың жаңалықтар материалдары және 10-11 миллионға жуық өтпелер (1 және 2-суреттер). 2018 жылғы шілдедегі және 2019 жылғы қаңтардағы ең көп мәндер Алматы қаласындағы және Қарағанды қаласындағы екі трагедиялық оқиғаға байланысты болды.

1 сурет. 2018 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін шығарылған ақпарат жаңалықтары

2 сурет. 2018 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін жаңалықтар материалдарына ауысу саны

Статистикалық деректерді барынша терең талдау алғашқы 2000 жаңалықтың өтпелердің 95%-ын қалыптастыратынын, ал кейбір айларда ТОП-100 жаңалықтардың пайдаланушылардың 40%-ына жуығын тартатынын көрсетті. Қазақстандағы Facebook әлеуметтік желісінің танымалдығы – бұрыннан белгілі аңыз. Егер елдің медиалық тұтыну үлесін қарастыратын болсақ, бұл аңыздың қате екенін дәлелдеу қиын емес. Медиатұтынудағы Facebook әлеуметтік желісінің орташа үлесі орта есеппен 5% жетпейді (3-сурет), ал сол кезде қазақстандық медианарық үшін негізгі құрауышты 80% астам үлеспен Google іздестіру жүйесі білдіреді. Қазақстанның әлеуметтік желілері бүгінде медиалық контентпен алмасуға арналған алаңнан гөрі, адамдарға арналған коммуникация құралы ретінде қызмет етеді. Бұдан басқа, Whatsapp және Telegram түріндегі танымал мессенджерлер коммуникацияда әлеуметтік желілерге бәсекелестік құрайды. Өкінішке қарай, Қазақстанда Facebookтің саясилануы өте жоғары және кейде қауіпті шиеленіспен шекараласып жатады.

3 сурет

Әдетте ақпаратты негізгі жеткізушілер ретінде сыртқы көздердегі пайдаланушылар өтпелерінің 80% астам жалпы үлесімен tengrinews.kz және zakon.kz интернет-порталдары әрекет етеді.

Соңғы екі жыл ішінде пайдаланушыларды тарту тұрғысынан алғанда, кейінгі уақыт ішінде айтарлықтай секіріс жасаған өңірлік онлайн-БАҚ-тардың танымалдығының артуы байқалады.Өңірлік жаңа медиа бүгінгі таңда медиалық ресурстардың жалпы санының 48%-ын алады. Ел өңірлерінің вебсайттары өте жақсы өсім мен пайдаланушылар арасындағы танымалдықты көрсетіп отыр. Медиатұтыну жергілікті жаңалықтар материалдарына деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Мемлекеттік тілдегі контентке деген қызығушылықтың сөзсіз өскені байқалады. Кейбір күндері және кейбір апталарда қазақ тіліндегі материалдар ең танымал жаңалықтардың арасында тұрақты түрде көш бастайды.

Осылайша, Қазақстанның медиакеңістігі берік және толық қалыптасты деп қорытынды жасауға болады, өйткені пайдаланушылар ақпараттық онлайн қызметтерді белсенді түрде пайдаланады, ал аудитория елдегі ғана емес, әлемде болып жатқан оқиғаларға жылдам назар аударады.

____________________________________________

АВТОР ТУРАЛЫ. Шавкат Сабиров – «Қазақстан Интернет Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті. Томскінің басқару жүйелері және радиоэлектроника университетін (Ресей) бітірген. ИТ-индустрияда 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі және Интернетті және киберқауіпсіздікті реттеу саласында, телекоммуникациялар мен интернет-бизнес саласында жан-жақты білімі және тәжірибесі бар. Алматы қаласындағы «АСУ-ГородГАИ» ақпараттық көлік жүйесінің жобаларын басқарды. Сараптамалық комиссияның төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингкомитетінің ақпараттық-талдау жүйесін және электрондық ақша жүйесін жасауға қатысты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жаңа медиа онлайын-статистикасының талдау жүйесіне басшылық жасайды.

ЕҚЫҰ, БҰҰ, ICANN, RIPE NCC халықаралық іс-шараларына сарапшы ретінде, сондай-ақ БҰҰ ЭКОСОС жанындағы аккредиттелген ұйымның арнайы консультациялық мәртебесі бар басшысы ретінде қызмет етеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық Ғылыми Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болып табылады.

Қосылған : 13.06.2019, 12:00, Өзгертілген : 13.06.2019, 12:00