Жазда Ресейде қазақстандықтарды тіркеу ережесі өзгереді

Үстіміздегі жылдың 25 мамырынан 25 шілдесіне дейін Ресейде футболдан Әлем чемпионатының өтуіне орай, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтарын тіркеудің ерекше ережелері қолданылады.

Осы ережелер Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларына барған шетел азаматтарына ғана тиесілі.

Қонақүйлерде, шипажайларда, демалыс үйлері немесе басқа да орындарында уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының тіркелуіне қабылдаушы тарап (қонақүй, санаторий, т.б. әкімшілігі) жауапты.

Консулдық аймақтарға сәйкес, РФ қалаларының аумағындағы ҚР азаматтары мына мекемелерге хабарласа алады:

– Мәскеу, Сочи және Дондағы Ростов – Мәскеудегі ҚР Елшілігінің консулдық бөліміне;

– Санкт-Петербург және Калининград – Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығына;

– Қазан, Екатеринбург, Нижний Новгород және Саранск – Қазандағы ҚР Бас консулдығына;

– Волгоград және Самара – Астраханьдағы ҚР Консулдығына.

Қосылған : 27.04.2018, 18:30, Өзгертілген : 27.04.2018, 18:30