Басшылық

123

МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

ТІЛЕУБЕРДІ МҰХТАР БЕСКЕНҰЛЫ

1968 жылғы 30 маусымда туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған.

Университетті аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.

ҚР СІМ-дегі дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе болып бастады, Орталық аппараттағы мансаптық өрлеуі барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын иеленді. Шетелде ҚР-дың Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және ҚР-дың Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып қызмет етті.

ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді. 2003 жылы Сыртқы істер Вице-Министрі болып тағайындалды.

2004 жылы ҚР-дың Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасындағы, Брунейдегі, Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылы ҚР-дың Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ-ның Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда ҚР-дың Тұрақты Өкілі болды. 2015 жылы ҚР-дың Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елші болып аккредиттелді.

2016 жылдың наурызынан бастап – ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «ШЫҰ-ға 10 жыл» (2011ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2014 ж.),«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл", 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстары жарияланған (2003 ж., 2010ж.).

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Ashikbayev

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

АШЫҚБАЕВ ЕРЖАН НИГМАТУЛЛАҰЛЫ

1974 жылы 16 маусымда Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.

2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті.

1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

ҚР құрмет грамотасы, 2007 ж.; ҚР Президентінің алғысы, 2010 ж.; “Ерен еңбегі үшін" медалі, 2014 ж.; “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан конституциясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “ҚР ҰҚК шекара қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл" , 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапталған.

Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Үйленген, екі баласы бар.

789

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ВАСИЛЕНКО РОМАН ЮРЬЕВИЧ

1972 жылы 14 тамызда Шымкент қаласында туылған.

1994 ж. – Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздікке бітірген.

1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт.

1996-1999 жж. – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі.

2000-2007 жж. – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшы Хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2012-13 жж. – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалы және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.

2013-14 жж. – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2014 ж. сәуірден 2016 ж. наурызға дейін – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2016 жылғы 4 наурыздан Қазақстан Республикасы Президентінің Өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын, француз және вьетнам тілдерін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін», 2008 ж., “Астананың 10 жылдығы", 2008 ж., Министрдің құрмет грамотасы, 2010 ж.; ҚР Президентінің алғысы, 2010 ж.; “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан конституциясына 20 жыл",2015 ж.; “Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісі, 2015 ж.; “Құрмет" ордені, 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл", 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

койшыбаев

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ҚОЙШЫБАЕВ ҒАЛЫМЖАН ТЕЛМАНҰЛЫ

Туған жылы: 1968 ж. 12 сәуір, Қызылорда қаласы

Жоғарғы білімі: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететі (1991 ж.), Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)

Атқарған қызметі:

1991 - 1994 М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты

1995 – 1997 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы

1997 – 1998 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі

1998 – 2004 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі

2004 Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі

2004 – 2006 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы

2006 – 2008 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі

2008 – 2012 Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

2012 – 2016 Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

2016 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Меңгерген тілдері: ағылшын және француз тілдері

Отбасылық жағдайы: Үйленген, 2 баласы бар.

"Құрмет" ордені, "Құрмет кресі" Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы Командир), “Құрмет" ордені, 2008 ж., “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл",2018 ж. мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.

Қосылған : 30.05.2017, 00:00, Өзгертілген : 10.07.2018, 12:45