Венада өткен Халықаралық балаларға арналған көркемөнер байқауында Қазақ қызының ядролық жарылыстардан азат әлем туралы суреті үздік танылды

ВЕНА - Аустрия астанасында Хофбург императорлық сарайында өткен Халықаралық балаларға арналған көркемөнер байқауының жеңімпаздарын жариялау кезінде байқаудың ұйымдастырушысы Хоакин Антунья, БҰҰ-ның арнайы консультативтік мәртебесі бар испандық «Бейбітшілік пен ынтымақтастық» үкіметтік емес ұйымының президенті және негізін қалаушысы «Қазақстан - ядролық сынақтарға тыйым салуға үлес қосатын ерекше мемлекет болып табылады», деп мәлімдеді.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойған барлық елдер үшін 5-тен 17 жасқа дейінгі балаларға арналған сурет байқауы жарияланды. Іріктеу турының қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар әлемнің 25-тен астам елінен 1000-нан астам жұмысқа ие болды. Олардың ішінен 12 жеңімпаз таңдалды, оның ішінде Ақтау қаласындағы ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық федерациясына кіретін Абыл Тарақұлы атындағы қазақ балалар өнер мектебінің оқушысы Жасмин Кеңесбайдің (7 жаста) жұмысы да бар.

Байқаудың ең үздік шығармаларынан тұратын көркемсурет көрмесі 2019 жылғы 24-28 кезеңінде «Ғылым және технологиялар 2019» ЯСЖТШ Ұйымы конференциясының шеңберінде ұсынылды. Сонымен қатар, «Бейбітшілік пен ынтымақтастық» ұйымының веб-сайтында жас суретшілердің 200-ден астам шығармаларынан тұратын виртуалды көркемөнер галереясы ұйымдастырылды.

Қосылған : 1.07.2019, 19:25, Өзгертілген : 1.07.2019, 19:25