2017 жылғы 1 жартыжылдығы аудит нәтижелері

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы 1 жартыжылдығында жүргізілген

мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ІАҚ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрімен бекітілген 2017 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2017 жылғы 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде 16 аудиторлық іс-шара (сәйкестік аудиті) жүргізді және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде 2016 жылғы желтоқсанда бастаған 2 аудиторлық іс-шараны аяқтады.

ҚР шетелдердегі мекемелеріндегі аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша аудитпен қамтылған жалпы бюджет сомасы 16 430 925,15 мың теңгені құрады, соның ішінде жалпы сомасы 401 263,31 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:

  • -сомасы 7 235,77 мың теңге қаржының бюджетке (кіріс бөлігі) түсуі кезіндегі бұзушылықтар;
  • -сомасы 394 027,54 мың теңге мемлекеттік бюджет қаражатын және активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар.

Оның ішінде сомасы 6 767,10 мың теңге республикалық бюджет кірісіне өтелуге жатады, нақты 5 350,01 мың теңге өтелді.

Ішкі мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шешім, сондай-ақ негізсіз шығыстардың республикалық бюджет кірісіне өтелгені туралы ақпаратты мерзімдерін көрсете отырып ұсыну, бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті ҚР заңнамаларына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ұсынымдары енгізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 1 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріндегі 2 қызметкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 2 хаттама толтырылды.

Бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін аудиторлық іс-шара материалдары құзыретті органға уақытылы жолданып отырады.

2017 жылғы 1 тоқсанда ІАҚ қызметкерлері «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда тәуекелдерді басқарудың теориясы мен тәжірибесі», «Қаржылық есептілік аудиті» және «ІАҚ қызметінің тиімділік бағасы (сапа бағасы)» атты тақырыптарындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын өтті.

Қосылған : 3.08.2017, 17:00, Өзгертілген : 3.08.2017, 17:00