2016 жылғы мемлекеттік аудит нәтижелері

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрігі

Ішкі аудит қызметінің 2016 жылғы жүргізген

мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекіткен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде 2016 жылы 23 аудиторлық іс-шаралар (сәйкестік аудиті) жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1 373,3 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде:

- 227,00 млн.теңге бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі (кіріс бөлігі) заңнаманы бұзушылықтар;

- 836,80 млн.теңге бухгалтерлік, бюджеттік есепті жүргізу мен қаржылық және бюджеттік есептілікті жасау кезіндегі заңнаманы бұзушылықтар;

- 309,5 млн.теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі өзге де бұзушылықтар.

Соның ішінде 4,0 млн.теңге бухгалтерлік есепте қалпына келтіруге, 362,8 млн.теңге республикалық бюджет кірісіне өтелуге жатады.

Ішкі мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тапсырма, сондай-ақ республикалық бюджет кірісіне негізсіз шығыстардың қайтарылғаны туралы ақпаратты мерзімдерін көрсете отырып Қазақстан Республикасының заңнамаларын сәйкес бухгалтерлік есепке алуды және есептілігін жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдар жолданды.

Әкімшілік жауапкершілік белгілерімен анықталған бұзушылықтар бойынша мәлімет ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қарауына жолданды.

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің сомасы 624,4 млн.теңгеге қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған бақылау материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.

Қосылған : 29.05.2017, 00:00, Өзгертілген : 29.05.2017, 00:00