Ресейлік ӘҒК-нің Су-24М ұшағын атып түсіру инцидентіне қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

2015 жылғы 24 қарашада Ресейлік ӘҒК-нің Су-24М ұшағын атып түсіру қайғылы инцидентінеқатысты жағдай өкініш туғызады.

Осы оқиға салдарынан ресейлік әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңілімізді білдіреміз.

Қазіргі уақытта терроризмге қарсы халықаралық күрес жүргізілуде. Бұл бағытта Ресей де, Түркия да әрекет етуде. Қазақстан да бұл күресті қолдайды. 

Осымен қатар, көп жылдар бойы қалыптасқан Ресей-Түрік қатынастарының нашарлауы қатты алаңдаушылық туғызады. Осы оқиға антитеррористік кампанияның тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

Ресей және Түрік тараптарын аталған қайғылы оқиғаға қатысты ден қоюда ұстанымдылық білдіруге және жағдайды өршітіп алмау үшін барлық іс-шаралар мен байланыс жолдарын пайдалануға шақырамыз.

 

 

Қосылған : 25.11.2015, 16:49, Өзгертілген : 25.11.2015, 16:53