ҚР СІМ қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету

Тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұрақты түрде Тұрғын үй комиссиясы қызмет атқарады.

Тұрғын үй комиссиясы қызметкерлердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізіп отырады, СІМ орталық аппараты мен ҚР шетелдердегі мекемелерінің қызметкерлері арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін және өз балансында тұрған тұрғын үйлерді, сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен берілген мемлекеттік органдар орталық аппаратының жас мамандарына арналған жатақхананың бөлмелерін (орындарын) бөледі.
Тұрғын үй комиссиясының отырысы қажеттілікке байланысты өткізіледі. 2014 жылғы бірінші тоқсанда Тұрғын үй комиссиясының бір отырысы өткізілді.

Арендалық тұрғын үй

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі «Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан баспана берудің кейбір мәселелері туралы» № 1482 қаулысын орындау мақсатында орталық мемлекеттік органдарға бөлінуге арналған баспананы іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның 2009 жылғы 15 қазандағы № 19-24/И-530 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне квота белгіленді. 
2011 жылғы тамыздан бері СІМ-ге арендалық тұрғын үй бөлінген жоқ.

Жатақхана

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен СІМ-ге мемлекеттік органдардың орталық аппаратының жас мамандарына арналған жатақханадан 19 орын берілген. Олар СІМ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында бөлінді. Қызметкерлер ҚР-дың шетелдердегі мекемелеріне шыққан кезде өз орындарын жатақханаға кезекте тұрған қызметкерлер арасында бөлу үшін Тұрғын үй комиссиясына тапсырады.

Қосылған : 25.04.2014, 11:26, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:32