ҚР СІМ баспасөз қызметінің ҚР азаматы А. Абсалямов бойынша түсініктемесі

Ү.ж. 21 наурыз күні Хайнань аралында (Қытай) жол-көлік оқиғасы салдарынан 1990 ж.т. ҚР азаматы Абсалямов Артур қаза тапты.

Қазіргі уақытта ҚР Бейжіңдегі елшілігі қызметкерлері Хайнань аралында және қаза тапқан азаматымыздың денесін Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетуде.

А.Абсалямовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.

А.Абсалямовтың денесін Қазақстанға жеткізуге байланысты шығындарды марқұмның жұмыс істеген компаниясы өз мойнына алып отыр.

Қосылған : 26.03.2015, 18:12, Өзгертілген : 26.03.2015, 18:18