ҚР СІМ Баспасөз қызметінің Йемендегі Қазақстан азаматтары бойынша түсініктемесі

Ү. ж. 4 сәуірде Йемен уақыты бойынша шамамен сағат 14-те ҚР Омандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының 5 азаматы - Оспанов Дастан жұбайы және баласымен, Ақжанова Ильмира нәресте баласымен Ресей ТЖМ ұшағымен Йемен жерінен шығарылған болатын.

Йеменде тұрақты өмір сүретін тағы бір қазақстандық азамат Саханова Гүлмираның Санада қалғаны туралы хабар Қазақстанның Масқаттағы Елшілігіне 4 сәуір күні кешкі уақытта келіп түсті.

Азаматшаның туысқандарынан алынған байланыс телефон нөмірлері арқылы ҚР Омандағы елшілігі Г. Сахановамен хабарласып, оның елден эвакуациясы ресей тарапымен ертеңге келісілді.

Қазіргі уақытта азаматшамызға қауіп төніп тұрған жоқ. Қазақстанның Омандағы Елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған мәселені қатаң қадағалауда.

Қосылған : 5.04.2015, 21:38, Өзгертілген : 5.04.2015, 21:43