ҚР СІМ Баспасөз қызметінің Францияның оңтүстігіндегі әуе апатында қайтыс болған ҚР азаматтары туралы түсініктемесі

ҚР Сыртқы істер министрлігі ү.ж. 24 наурыз күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Germanwings әуекомпаниясының ұшағында болған ҚР азаматтары Иманқұлов Ербол Базаралинұлының (1965 ж.т.), Исенғалиева Айжан Сарымқызының (1965 ж.т.) және Иманқұлов Әділ Ерболұлының (1989 ж.т.) қаза тапқандары туралы ақпаратты растайды. Қаза тапқандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Сонымен қатар, Германия билігінің ақпаратына сәйкес, алдын ала болжам бойынша, Қазақстан азаматы болып табылуы мүмкін Блес Елена да апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған. Қазіргі уақытта бұл ақпарат тиісті органдармен тексерілуде.

Сыртқы истер министрлігі қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына барынша көмек көрсететін болады. Қаза тапқандардың туыстары төмендегі "жедел желі" нөмірлері арқылы хабарласа алады:

1) ҚР Берлиндегі консулдығы - +4915208833631 (негізгі байланыс нөмірі);
2) ҚР Испаниядағы консулдығы (Барселона) - +34674482333.
Сонымен қатар, консулдармен байланыса алмаған жағдайда, туыстары СІМ кезекші дипломатымен +77172720111 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Отандық БАҚ өкілдерін орын алған жағдайға түсіністікпен қарап, қандай да бір түсініктеме алу үшін аталған нөмірлер бойынша хабарласпауды сұраймыз.
Ақпараттың келіп түсуіне байланысты Министрлік қосымша хабарлайтын болады.

Қосылған : 25.03.2015, 10:34, Өзгертілген : 26.03.2015, 10:36