ҚР СІМ баспасөз хатшысының түсініктемесі

Ресей Федерациясы Омск облысының губернаторы В. Назаровтың Қазақстанмен территория алмасу бойынша ұсынысы туралы ақпаратқа назар аудардық.

ҚР мен РФ арасындағы мемлекеттік шекараны демаркацияға қатысты мәселелер тек қана мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша Бірлескен қазақстандық-ресейлік комиссияның құзыретіне жататындығын хабарлаймыз. Осы комиссиядағы РФ делегациясы Қазақстанға мұндай ұсыныс жасаған жоқ.

Ресейлік тарап ұсыныс жасайтын болса, мәселе қалыптасқан келіссөздер үдерісі және халықаралық тәжірибеге сәйкес қарастырылатын болады.

Қосылған : 23.02.2015, 16:24, Өзгертілген : 23.02.2015, 16:24