ҚР СІМ баспасөз хатшысының ҚР азаматы Р.М. Алиевқа (Шораз) қатысты түсініктемесі

Аустрияның билік өкілдері Қазақстан Республикасының азаматы Алиев (Шораз) Рахат Мұхтарұлының 2015 жылы 24 ақпанда Вена қаласының тергеу изоляторында өлгені туралы жәйтті растады.

Аустрия Республикасы Әділет министрлігі, тергеу изоляторы, сондай-ақ тиісті сот өкілдерінің ақпаратына сәйкес,   өлімнің себебі өз-өзіне қол жұмсау болып саналады.

Қазіргі кезде Аустрия Республикасының құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттеуде.

Қазақстан Республикасының Венадағы елшілігі аустриялық құзыретті органдар мен Р.М. Алиевтің (Шораз) адвокаттарын мұндай жағдайда жүзеге асырылуы қажет консулдық әрекеттерді орындауға дайын екендігін хабарлады және аустриялық билікпен тұрақты байланыста.

Қазіргі таңда қайтыс болған азаматтың туыстары, соның ішінде Э. Шоразова, Қазақстан Республикасының елшілігіне қандай да бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген.

Сонымен қатар, Аустрия Республикасының құзыретті органдары қазақстандық құқық қорғау органдарының Р.М. Әлиевтің (Шораз) өліміне қатысты жағдайды жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді талап етіп отырғаны, сонымен қатар, аустриялық тарап қарсы болмаған жағдайда тергеу жұмыстарына өздері де қатысуға ниетті екендігі туралы ресми түрде хабардар етілді.

Қосылған : 25.02.2015, 15:58, Өзгертілген : 25.02.2015, 15:58