ҚР СІМ баспасөз хатшысының ҚР азаматы А. Сейдахметовке қатысты түсініктемесі

ҚР Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы Ахрор Сейдахметовтың ұсталғаны туралы хабардар.

Министрлікке келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтық тұлғалар базасында шын мәнінде 1995 жылы 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты өзбек Сейдахметов Ахрор Абрарұлы деген азамат тіркелген.

2011 жылдың қазан айында 16 жасында ол Өзбекстанға кетіп, содан бері Қазақстанға қайтып оралмаған.

ҚР Нью-Йорктағы Бас консулдығында консулдық есепте тұрмаған. Қазіргі таңда А.Сейдахметовтың өзі де, оның туыстары да қандайда бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген.

Мұндай өтініш болған жағдайда, оған тиісті консулдық-құқықтық қолдау көрсетілетін болады.

Жалпы, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде Құрама Штаттарының, экстремизм мен «Ислам мемлекеті» атты ұйымымен күресіне бағытталған күш-жігерін қолдайды. Біз аталған істі тергеуде АҚШ билігіне жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз.

Қосылған : 26.02.2015, 12:19, Өзгертілген : 26.02.2015, 12:19