ҚР СІМ Баспасөз хатшысының А. Сейдахметовке қатысты түсініктемесі

ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен байлынысы бар деген күдікпен АҚШ билік өкілдерімен ү. ж. ақпан соңында ұсталған Қазақстан азаматы А. Сейдахметовпен кездесті.

Кездесу барысында А. Сейдахметов денсаулығы мен түрмедегі жағдайына қатысты шағым айтқан жоқ.

АҚШ Федералды соты оған тәжірибелі адвокат А. Перлматтерді тағайындады. Оның сөзі бойынша, келесі аптада сот айыптау актісін іске қабылдауы орын алуы мүмкін.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені бақылауында ұстап отыр.

Қосылған : 19.03.2015, 11:11, Өзгертілген : 19.03.2015, 11:11