ҚР Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстандағы ХҚКК Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері жобаларын мемлекеттік органдармен

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Жобаның атауы: «Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері

туралы келісімді ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Мемлекеттік органның атауы басшылар

Ескертпелер мен ұсыныстар

Қолы,

Аты-жөні, күні

1.     

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі(әзірлеуші)

   

2.     

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

   

3.     

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

   

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

2011 жылғы 25 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімге қол қойылған еді (одан әрі – Келісім).  

ХҚКК- әділ, бейтарап  және тәуелсіз ұйым, соғыс, зорлық-зомбылық құрбандарының өмірі мен ар-намысын қорғауға, қамаудағы ауру, жаралы адамдарға, төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстардыңнәтижесінде зардап шеккен азаматтық адамдарға көмек көрсетуге, гуманитарлық құқықты және ізгіліктің әмбебап қағидаттарын насихаттауға және нығайтуға бағытталған гуманитарлық миссияларды орындаумен айналысады.

.ХҚКК Швейцария заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін жедел шешімдер қабылдау және өз басқаруындағы мәселелерде жеке меншік ұйым болып табылады. Заңды түрде халықаралық немесе үкіметаралық ұйым болып саналмайды. ХҚКК міндеттері мен қызметі әлем мемлекеттері мүше болып табылатын 1949 жылғы Женева конвенцияларымен бекітілген. БҰҰ сияқты салыстыруда артықшылықтарды және иммунитеттерді қамтамасыз етеді. Бұл шарттар салықтарды және кедендік алымдарды, ғимараттарға және құжаттарға қол сұқпаушылықты және соттың араласуынан иммунитеттерді қамтиды.

Келісім Қазақстандағы ХҚКК-нің өкілдігіне қажетті қызметтерді жүзеге асыру үшін мандатқа сәйкес ХҚКК артықшылықтарды және иммунитеттерді қарастырады.

          Қазіргі уақытта ХҚКК екі жақты келісім деңгейінде 80-нен астам елдермен байланыс орнатқан, оның сол мемлекеттерде өз өкілдіктері бар.      

Келісімде Ұлттық заңнамадағыдан өзгеше нормалардың бар болуын ескере отырып, аталған Келісім «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 5 және 11- баптарына сәйкес ратификациялануы тиіс.

Осы Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық  салдарларға әкеп соқпайды.

Осы баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізіп отыр.

                 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                С. Ахметов

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздемесі

 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы заңының 5 және 11-бабтары

3.

Жоба қабылданған жағдайда  болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Келісімді ратификациялау Халықаралық Қызыл Крест Комитетіне (бұдан әрі – ХҚКК) бір-қатар артықшылықтарды береді, сондай-ақ өз мандатына және стандартты жұмыс рәсімдерге сәйкес бұл Ұйымның қызмет атқаруы үшін қажетті қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстандағы өз қызметінің шеңберінде ХҚКК көбінесе халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату мәселелерімен айналысады.

4.

Жобаны  іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Жобаны Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

6.

Жобада  қаралатын мәселелер бойынша  Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1275  қаулысына сәйкес 2011 жылғы 
25 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімге қол қойылды

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға  сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер - Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық,    экологиялық,

қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

http://mfa.gov.kz

Қабылданатын «Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялаутуралы» Қазақстан Республикасының қабылданатын Заңы қолданысының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарларының болжамдары 

Келісім Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Өкілдігі үшін өз мандатына сәйкес елдегі қызметін атқаруға қажетті артықшылықтар мен иммунитеттерді қарастырады. Мандат соғыс, зорлық-зомбылық құрбандарының өмірі мен ар-намысын қорғауға, қамаудағы ауру, жаралы адамдарға, төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстардыңнәтижесінде зардап шеккен азаматтық адамдарға көмек көрсетуге, гуманитарлық құқықты және ізгіліктің әмбебап қағидаттарын насихаттауға және нығайтуға бағытталған.

 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы ХҚКК өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және  иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау  халықаралық гуманитарлық құқықтың іргелі қағидаттарын таратуға, халықаралық гуманитарлық құқықтың ұлттық құқыққа енгізілуін, төтенше жағдайлардың құрбандарына халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуді реттеуге жәрдемдесетін болады.

Осы Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы

келісімді ратификациялау туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                 С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

АНЫҚТАМА ПАРАҚ

1.

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі 

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

 

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет

 

4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

 

5.

*Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

 

6.

*3аң жобасының ғылыми сараптамасы

 

*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

7.

*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

 

*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

8.

*3аң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

 

10.

Балама жобалардың бар-жоғы

 

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

 

13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

 

14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

 

15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

16.

Заңның күшіне енетін уақыты

 

17.

Өзге де белгілер

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан
Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің
мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы
келі

Бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (бұдан әрі - ХҚКК деп аталады), адам қасіретін жеңілдету мақсатында қандай да бір кемсітушіліксіз қорғауды ұсыну және көмек көрсету бойынша ХҚКК-нің жұмысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мүдделерін және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын 1949 жылғы Женева конвенциялары мен 1977 жылғы оларға Қосымша хаттамаларға, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық қозғалысының жарғысы мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық конференцияларының қарарларына сәйкес ХҚКК-нің өзіне жүктелген гуманитарлық міндеттерді орындауға ниет білдіруін назарға ала отырып,төмендегілер туралы келісті:

1-бап. ХҚКК-нің мәртебесі

      ХҚКК Өкілдігі болатын мемлекеттің аумағында халықаралық ұйымдар мәртебесінен кем емес қолайлы құқықтық мәртебеге ие болады. ХҚКК Өкілдігі болатын мемлекеттің аумағында өз мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қажетті құқық қабілеттілігін пайдаланады.

2-бап. Құқық субъектілігі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ХҚКК Өкілдігінің өзіне шарттық міндеттемелерді қабылдау, сотта істі қарауға қатысу және құқықты иелену, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу және оларға иелік ету қабілетін қамтитын, бірақ мұнымен шектелмейтін құқық субъектілігін мойындайды.

3-бап. ХҚКК-нің, оның мүлкі мен активтерінің иммунитеті

      1. ХҚКК-нің Өкілдігі, оның мүлкі, қаражаты мен активтері қайда және кімнің иелігінде болғанына қарамастан, ХҚКК Өкілдігі өз иммунитетінен анық бас тартатын жекелеген жағдайларды қоспағанда, соттың және әкімшілік іс жүргізудің кез келген нысандарынан иммунитетті пайдаланады.
      2. ХҚКК Өкілдігінің үй-жайларына қол сұғылмайды. ХҚКК Өкілдігінің мүлкі мен активтері қайда және кімнің иелігінде болғанына қарамастан, тінту, иеліктен айыру, тәркілеу, экспроприация және орындаушылық, сот, әкімшілік немесе заңнамалық әрекеттер жолымен қандай да бір өзге қол сұғушылық нысанынан иммунитетті пайдаланады.

4-бап. ХҚКК мұрағаттарына қол сұқпау

      Қайда болғанына қарамастан, өзіне тиесілі және өзі сақтайтын барлық құжаттар сияқты ХҚКК Өкілдігінің мұрағаттарына қол сұғылмайды.

5-бап. Байланыс құралдары

      1. ХҚКК Өкілдігі, атап айқанда, Женевадағы ХҚКК Штаб-пәтерімен, басқа да тиісті халықаралық мекемелер мен ұйымдармен, үкіметтік құрылымдармен, сондай-ақ заңды немесе жеке тұлғалармен байланыстарды жүзеге асыру үшін өзі неғұрлым қолайлы деп санайтын телекоммуникациялық құралдарды ресми мақсаттарда және қандай да бір араласусыз еркін пайдалана алады.
      2. ХҚКК Өкілдігінің өз үй-жайларында радиоэлектрондық құралдар орнатуға және болатын мемлекеттің аумағы шегінде жылжымалы жабдықты пайдалануға құқығы бар. ХҚКК Өкілдігі лицензиялық алымдардан және өзге де тиісті салықтар мен алымдардың барлығынан босатылады. ХҚКК Өкілдігі Халықаралық Телекоммуникация Одағының № 10 қарарына (REW.WRC - 2000) сәйкес өзіне Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдары осы мақсаттар үшін берген жиіліктерді пайдаланады.
      3. ХҚКК Өкілдігі ресми байланыстарға қатысты барлық жағдайда, артықшылықтарға, тарифтер мен салықтарға қатысты қолайлылығы халықаралық ұйымдарға ұсынылатыннан кем болмайтын режимді пайдаланады.
      4. Бұл вализаларда олардың сипатын көрсететін сыртқы белгілердің болуы және ХҚКК Өкілдігінің ресми пайдалануына арналған құжаттар немесе заттар ғана қамтылу шартымен, ХҚКК Өкілдігінің өз хат-хабарларын дипломатиялық курьерлер мен вализалар тәрізді артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын курьерлер немесе мөрленген вализалар арқылы жіберуге және алуға құқығы бар.

6-бап. ХҚКК мен оның өкілдігі есептерінің, хат-хабарларының және өзге де байланыс құралдарының құпиялылығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ХҚКК Өкілдігі есептерінің, хат-хабарларының және өзге де хабарламаларының құпиялылығын құрметтеуге міндеттенеді. Бұл олардың мазмұнын межелі алушылардан басқа адамдарға және/немесе ұйымдарға жария етпеуді және оларды ХҚКК Өкілдігінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз сот ісі барысында пайдаланбауды қамтиды.

7-бап. ХҚКК өкілдігінің қаржылық ресурстары

      1. ХҚКК Өкілдігінің ұлттық немесе шетелдік валютаға немесе басқа да қаржы активтеріне иелік етуге, сондай-ақ кез келген валютада шоттар ұстауға құқығы бар,оған Қазақстан Республикасының валюталарды айырбастауды және оған қатысты өзге де мәселелерді реттейтін заңнамасымен шек қойылмайды.
      2. ХҚКК мен оның Өкілдігі болатын мемлекетке/тен және болатын мемлекеттің ішінде қаражатты ұлттық немесе шетелдік валютада еркін аударуға, сондай-ақ осындай активтерді басқа валютаға еркін айналдыруға құқылы.

8-бап. Салықтардан босату

      1. ХҚКК мен оның Өкілдігі, оның активтері, кірістері мен меншігі коммуналдық қызметтер үшін төлем болып табылатындарды қоспағанда, болатын мемлекеттің аумағында алынатын барлық салықтардан босатылады.
      2. ХҚКК мен оның Өкілдігінің қызметтік пайдалануына және Қазақстан Республикасында гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ХҚКК бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін болатын мемлекет аумағында алынатын барлық салықтардан босатылады.

9-бап. Кедендік баждардан босату

      1. ХҚКК мен оның Өкілдігі Қазақстан Республикасының аумағында ХҚКК қызметтік пайдалануына және/немесе Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде көмек көрсетуі жөніндегі бағдарламаларына арналған заттар мен материалдарға (басылымдар мен аудио және бейнематериалдарды қоса алғанда)қатысты кедендік баждардан, салықтар мен алымдардан босатылады.
      2. ХҚКК Өкілдігінің әуе тасымалдауларын ұйымдастыруға құқығы бар және Қазақстан Республикасы үшін гуманитарлық жүктерді тасымалдайтын немесе оның аумағы үстінен ұшып өтетін өз рейстері үшін ұшу және қону төлемдерінен босатылады.

10-бап. Өкілдік мүшелерінің мәртебесі

      1. ХҚКК өкілдіктерінің халықаралық персоналының мүшелеріне, олардың жұбайларына және олардың асырауындағы отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің мүшелеріне берілетіндей мәртебе беріледі.
      2. Олар жеке қамауға немесе тұтқынға алуды, жеке багажға тыйым салуды қоса алғанда, сот немесе әкімшілік процестердің кез келген нысанынан және өз міндеттерін орындауға байланысты куәгерлер ретінде әрекет ету немесе іс-әрекеттеріне және/немесе жіберген қателіктеріне қатысты түсінік беру қажеттілігінен иммунитетті пайдаланады.
      3. Олардың жеке резиденцияларына, көлік құралдарына, құжаттарына, қолжазбаларына және өзге де жеке мүлкінің барлығына қол сұғылмайды.
      4. Оларға көші-қон бойынша ешбір төлемдер мен шектеулер, сондай-ақ шетелдіктерді тіркеу мен жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысты міндеттемелер қолданылмайды.
      5. Олардың көлік құралдарын қоса алғанда, өзінің жеке мүлкін бажсыз әкелуге құқығы бар. Елден кетер кезде олар осыған ұқсас артықшылықтарды пайдаланады.
      6. Олардың Қазақстан Республикадағы өзінің жеке мүлкін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің мүшелеріне берілген шарттарда сатуға құқығы бар.
      7. Тәртіпсіздіктер немесе қарулы қақтығыс жағдайларында, егер олар оны қаласа, өздері барынша қауіпсіз және жылдам деп санайтын тәсілмен оларға болатын мемлекеттің аумағынан шығуға қажетті жағдайлар жасалады.
      8. Олар Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің мүшелеріне берілген валюта режиміне қатысты жеңілдіктерді пайдаланады.
      9. ХҚКК Өкілдігі халықаралық персоналының мүшелері ХҚКК төлейтін немесе, тұтастай алғанда, олардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алатын жалақысына және өзге де сыйақы түрлеріне салынатын барлық салықтардан босатылады.
      10. ХҚКК Өкілдігінің Басшысы мен оның Орынбасары өз жұбайларымен және өздерінің асырауындағы өзге де туыстарымен және отбасы мүшелерімен бірге жоғарыда көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттерге қосымша 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық агенттерге берілген мәртебені пайдаланады.
      11. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ХҚКК Өкілдігінің мүшелері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасалған әрекеттеріне қатысты соттық іс қараудан иммунитетті қоспағанда, осы баптың 1-10 тармақтарында көрсетілген иммунитеттерді, артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдаланбайды.
      12. ХҚКК Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ХҚКК Өкілдігі қызметкерлерінің аты-жөні, лауазымы мен міндеттері туралы мемлекеттік биліктің тиісті органдарын хабардар етеді.
      13. ХҚКК Өкілдігінің мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген сәттен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеуге міндетті және өздеріне ұсынылатын қорғауды пайдаланады.

11-бап. Уақытша миссиямен келетін ХҚКК өкілдері

      Қазақстан Республикасына уақытша миссиямен келетін ХҚКК өкілдері 10-баптың 2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтарындағы иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады.

12-бап. ХҚКК мүшелерінің құжаттары

      1. ХҚКК Өкілдігі халықаралық персоналының мүшелері мен уақытша миссиямен келген ХҚКК өкілдерінің жарамды визасы бар паспорты мен иеленушінің жеке басын және оның ХҚКК қызметкері ретіндегі мәртебесін растайтын «Жеке куәлік және іссапар куәлігі» деп аталатын құжаты болады.
      2. МККК өкілдігінің халықаралық персоналының мүшелері Қазақстан Республикасының шекарасынан өту және оның аумағы ішінде жүріп-тұру үшін жарамды визасы бар паспортты пайдаланады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктері осы құжатты жарамды жол жүру құжаты ретінде қабылдайды. Иесі құжатты көрсеткен жағдайда, олар оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге және мемлекет ішінде жүріп-тұруына жәрдем көрсетеді.

13-бап. Болатын мемлекетпен ынтымақтастық

      1. ХҚКК және оның Өкілдігі осы Келісімде көзделген артықшылықтарды, иммунитеттер мен жеңілдіктерді асыра пайдаланудың кез келген нысанын болдырмау мақсатында мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастық жасайды.
      2. ХҚКК Өкілдігі тек, өзінің жеке пікірі бойынша, осы иммунитет сот әділдігіне кедергі болатын және ХҚКК мүдделеріне нұқсан келтірмей одан бас тартуға болатын жағдайларда, кез келген иммунитеттен бас тарта алады.

14-бап. Түсіндіру

      Осы Келісім ХҚКК Өкілдігіне өз міндеттері мен функцияларын толық әрі тиімді орындауға және өз бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге сайып келетін негізгі мақсаттары аясында түсіндіріледі.

15-бап. Дауларды келіссөздер жолымен реттеу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады.

16-бап. Төрелік

      Жоғарыда аталған келіссөздер сәтсіз болған жағдайда, түпкілікті реттеу үшін келіспеушілік үш төрешіден тұратын төрелік органға жіберіледі, оның біреуін -Қазақстан Республикасының Үкіметі, екіншісін - ХҚКК Президенті, ал үшіншісін - екі тарап немесе олардың арасында келісім жасау мүмкін болмаған жағдайда - БҰҰ Халықаралық Сотының Президенті тағайындайды. Осылайша құрылған органның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

17-бап. Өзгерістер енгізу

      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге кез келген уақытта осы Келісімнің 19-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін,оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

18-бап. Қосымша келісімдер

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХҚКК қосымша Келісімдер жасасу туралы келісе алады.

19-бап. Күшіне енуі

      Осы Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы ХҚКК Өкілдігі алған күннен бастап күшіне енеді.

20-бап. Келісімнің қолданылуын тоқтату

      Тараптар өзінің осындай ниеті туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады, бұл ретте осы Келісімнің қолданылуы осындай хабарлама алынған күнінен бастап 6 ай өткен соң тоқтатылады.

21-бап. Түпнұсқа мәтіндер және депозитке қою

      Осы Келісім әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте бір данасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, екіншісі - ХҚКК-ға сақтауға беріледі.

      20___ жылғы «___» _________ _______________ қаласында жасалды.

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

_________________

Халықаралық Қызыл Крест
Комитеті үшін

 

 

_________________

Қосылған : 3.02.2014, 10:36, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:19