ҚР Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Аргентина Республикасы және Чили Республикасында қоса атқарушы Б. Ордабаев Парагвай Республикасының (ПР) Сыртқы істер министрі Эладио Лозайгомен арнайы кездесу өткізді.

3 ҚР Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Аргентина Республикасы және Чили Республикасында қоса атқарушы Б. Ордабаев Парагвай Республикасының (ПР) Сыртқы істер министрі Эладио Лозайгомен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында, саяси, экономикалық және мәдени саласындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелері егжей-текжей талқыланды. Сондай-ақ, 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшесі болуына Қазақстан Республикасының үміткерлігіне Парагвай тарапынан қолдау алу мәселесіне аса назар аударылды.
Парагвай Сыртқы істер министрі өз кезегінде, Парагвай ЭКСПО-2017 көрмесіне Астана қаласының кандидатурасын қолдағандығын, сондай-ақ, ел басшылығы Қазақстанды Орталық Азиядағы қарқынды даму үстіндегі мемлекет ретінде танитындығын және Астанамен әр-түрлі саладағы ынтымақтастыққа аса назар аударатындығын атап өтті.

Қосылған : 19.01.2014, 23:21, Өзгертілген : 19.01.2014, 23:21