ҚР азаматы Р. Алиев бойынша ҚР СІМ баспасөз хатшысының түсініктемесі

Аустрия Әділет министрлігі ресми түрде ауызша ҚР азаматы Рахат Алиевтің кеше түнде Йозефштадт түрмесінің бір адамдық камерасында өз-өзіне қол жұмсау фактысын растады. Аустриялық билік орын алған оқиға бойынша тергеу жүргізеді деп білеміз. Біздің дипломатиялық өкілдік барлық жағдайды анықтау үшін Аустрияның ресми билігімен байланыста болады.

Қосылған : 24.02.2015, 18:05, Өзгертілген : 24.02.2015, 18:05