БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарулы қақтығыстар жағдайында және террористердің қолынан мәдени мұра нысандарының жойылуы проблемасын қарастырды

НЬЮ-ЙОРК, 2017 жылғы 30 қарашада - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету» күн тәртібі тармағында «Қарулы қақтығыстар жағдайында террористік топтар мәдени мұра нысандарын жою және олардың заңсыз айналымы» атты тақырыпта отырыс өтті.

Өз баяндамасында қазақстандық делегация мәдени мұра нысандарын қорғауға қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің 2347 қарарын жүзеге асыру туралы БҰҰ Бас хатшысының соңғы есебін құптады. Бұл маңызды құжат Ұйымға мүше мемлекеттерге осы мәселені жан-жақты зерттеуге және оның байыптылығы мен ауқымын бағалауға мүмкіндік берді.

БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер мәдени мұраны сақтау мен қайта дамытудың маңыздылығын сезіну үшін, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің назарына жаһандық әрекеттерді жүзеге асырудың қажеттілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, біздің мемлекеттің ЮНЕСКО-ның тиісті әрекет Жоспарын жүзеге асыруды қолдайтыны көрсетілді. Осыған байланысты «Мәдениетті сақтау және мәдени плюрализмді мадақтау: бекем әлемнің кілті» атты Италияның үндеуі ерекше аталып өтті. Мәдени құндылықтардың заңсыз айналымын қатаң қылмыстандыруға қатысты санкция режимін қатал сақтау, іскерлік қауымдастықтармен, антиквариат базарларымен және жеке сатушылармен өзара әрекеттесу, және де артефакттар мен мұра объектілері жайлы сәйкес құжатнаманы беру өзекті болып қалады. Сонымен қатар, Қазақстан жағы оң нәтижелер тек, бірінші кезекте, сәйкес ақпаратпен алмасу арқылы, БҰҰ-на мүше мемлекеттердің көбісі тығыз ынтымақтастықты бастаған жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Тұтас алғанда, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысушылар, халықаралық қоғамдастыққа мәдени мұраны қорғау маңызды мәселе болып табылатынын тағы да бір рет растады. Соған байланысты БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бар құқықтық құралдарды барынша тиімді қолдануы керек. Мемлекеттер тәжірибеде БҰҰ ҚК сәйкес қарарларын тиімді және жауапты қолдануы тиіс. Сонымен бірге, қарулы қақтығыстар жағдайында, соның ішінде Ирак және Сирия аумақтарында мәдени мұраны ұрлайтын және жоятын терроршылардың қылмыстары жазасыз қалмауы керектігі ерекше атап өтілді.

Қосылған : 30.11.2017, 19:05, Өзгертілген : 30.11.2017, 19:05