Буркина-Фасо Президенті өз елінің ИЫҰ Саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады

2017 жылғы 9 маусымда Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев Каир қаласына ресми сапармен келген Буркина-Фасоның Президенті Роч Марк Кристиан Каборемен кездесті.

Елші Буркина-Фасо көшбасшысына Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші Саммитіне шақыруын табыстады. Елші әлеуметтік-экономикалық даму, ғылыми-техникалық прогресс, модернизациялау және кедейшілікпен күресу сияқты ислам әлемінің өзекті мәселелерін бірлесіп шешу жолдарын қарастыратын форумның жұмысына Буркина-Фасоның қатысуы өте маңызды екенін атап өтті.

Р.М. Каборе шақыруды ризашылықпен қабыл алып, өз елінің Астана Саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады. Ол Казақстанды Буркина-Фасо үшін жан-жақты қатынастарды дамытуды және нығайтуды қажет ететін Орталық Азиядағы достас әрі маңызды мемлекет ретінде қарастыратынын жеткізді. Қазақстан лидерінің аталған форумды өткізу бастамасы өзекті әрі уақтылы екенін айта келе, Президент Р.М. Каборе Қазақстанның халықаралық сахнадағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ әлемдік және аймақтық проблемаларды шешуде қомақты үлес қосатынын басып айтты.

Қосылған : 12.06.2017, 17:20, Өзгертілген : 12.06.2017, 17:20