Албания Президенті Қазақстанмен қарым-қатынастың тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтті

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаруға кірісті.

2 қарашада А. Сапарбекұлы Тирана қаласында ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Албания Президенті Илир Метаға сенім грамоталарын табыстады.

Елші Албания Ұлттық күніне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын қолма қол табыстап, жылы ықыласы мен лебізін жеткізді.

И. Мета Қазақстан мемлекет басшысы тарапынан білдірілген сәлемін жылы қабыл алып, екі мемлекет арасындағы жоғарғы деңгейдегі байланыстардың нығаюының маңыздылығын, сонымен қатар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда бойынша ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың қажеттілігін тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда, екі ел арасындағы байланыстар аса белсенділікпен ерекшеленбесе де, олардың нығаюы үшін ешбір саяси кедергі жоқ. Ең алдымен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелерге көңіл бөлу қажет», - деп мәлімдеді Албания Президенті И. Мета.

Елші экономиканың түрлі салаларында өзара іскерлік қарым-қатынастарды тереңдету қажеттілігіне арнайы тоқталды. Нақтырақ айтқанда, қандай-да болсын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, туризмді дамыту, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бағытындағы екіжақты ынтымақтастық әлеуетінің жоғары екенін айтты. Ол үшін экономикалық сарапшылар тобын қалыптастырып, екі ел арасындағы Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырудың маңыздылығын айтты.

Бұл ретте, ол екі ел арасындағы құқықтың негіздің қамтамасыз етілуінің маңыздылына да тоқталды. Атап айтқанда, екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық, қосарланған салық салуға жол бермеу және инвестицияларды өзара қорғау туралы құжаттарды жақын арада әзірлеуді ұсынды.

«Екі елдің Үкіметтері тарапынан қарастырылуы барысында болып жатқан экономикалық ынтымақтастыққа қатысты келісімдерге қол қойылып, нормативтік-құқықтық база қамтамасыз етілу қажет. Алдымыздағы жылы Қазақстан мен Албания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығы болмақ. Ширек ғасырлық қарым-қатынастарымыздың мерейтойында аталған келісімдерге қол қою орынды болар еді», - деп атап өтті А. Сапарбекұлы.

Тараптар екі ел арасындағы байланыстарды нығайту бойынша жұмыстың белсенділігін көтеруге келісті.

Қосылған : 3.11.2017, 17:05, Өзгертілген : 3.11.2017, 17:05