Азаматтық ахуал актілерін тіркеу

Туу туралы куәлігі

Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 25 тарауымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не басқа елде қызметін қоса атқаратын шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.

Баланың тууы туралы өтінішін оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.

Ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бес күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының жақын маңдағы өкілдігіне арыздануы керек.

Баланың тууын тіркеу және тиісті куәлігін рәсімдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • 1.белгіленген өтініш формасы (1-қосымша);
  • 2.ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3.ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 4.туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
  • 5.ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
  • 6.консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • 1.ата-анасының түсініктемесі;
  • 2.баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама;
  • 3.баланың денсаулығы туралы анықтама.

Екі немесе одан да көп бала туылған жағдайда, әр балаға бөлек өтініш беріледі.

Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), анасы туралы мәлімет медициналық туу туралы куәлігінің немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешiмi көшірмесі негізінде енгізіледі.

Мұндай жағдайда әкесі туралы мәліметтер:

  • 1)егер баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әкесі белгілі болған және тіркелген жағдайда, әке болуды анықтау туралы актілер жазбасының негізінде;
  • 2)егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша енгізіледі.
  • 3)өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі.

Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегі - анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды.

Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актілер жазбасына енгізілмеуі мүмкін.


Әке болуды анықтау

Әке болуды анықтаудың мемлекеттік тіркеуі және тиісті куәліктің берілуі2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 «Неке қию және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 26 тарауымен реттеледі.

Әке болуды анықтау Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) Әке болуды анықтау жөніндегі баланың әке-шешесінің ұжымдық арызы (қосымша 2)

баланың туу туралы кәулігі (түпнұсқа және көшірме);

әке-шешесінің жеке басын анықтау құжаттары (түпнұсқа және көшірме);

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

Егер әке болуды анықтаудың мемлекеттік тіркелуі туудың мемлекеттік тіркелумен бір уақытта жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігін қосудың қажеті жоқ.

2) шешесінің қайтыс болуы, шешесінің өлгені жөніндегі мәлім болған жағдайындағы бала әкесінің арызы; психикалық ауру немесе ақылының кемділігі нәтижесіндегі шешесін қабілетсіз ретінде танылуы; шешесің ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру; бала шешесінің тұру мекен-жайын анықтаудың мүмкін еместігі;

3) әке болуды анықтау жөніндегі сот шешімі, әке болуды тану фактісін анықтау және әке болу фактісі;

4) психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот тәртібімен әрекетке қабілетсіздеп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша әке болуды анықтауға тыйым салынады.

Соттың шешімі негізінде әке болуды анықтау

Соттың шешемі негізінде әке болуды анықтау, әке туралы мәліметтер келесі құжаттардың негізінде соттың шешімі негізінде көрсетіледі:

Еркін түрде жазылған арыз;

Арызданушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

Әке болуды анықтау туралы құзыретті органмен куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;

Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

Арызданушының мүддесін қорғайтын жеке тұлғаның атына берілген нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқа);

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Балаға ата-тегі соттың шешімі негізінде беріледі, ал осындай жазудың болмау жағдайында арызданушының нұсқауы негізінде беріледі. Осы мәселе бойынша дау туған жағдайда ата-тегі соттың шешімі негізінде жазылады.


Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігі

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 27 тарауымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары некесін қиған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне келесі құжаттармен шағымдануы тиіс:

  • 1)некеге отырутуралы бірлескен өтініш (3-қосымша);
  • 2)некеге тұратын адамдардың жеке басын куәландырған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)бұрынғы некелерітуралы мәліметтер;
  • 4)балалары бар екендiгi туралы мәлiметтер;
  • 5)бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге отыруға кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхат;
  • 6)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Некеге отыру туралы өтініш некені тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге тұратын адамдардың қалауы бойынша неке қиюды тіркеу өтінішті берген күні жүзеге асырылады.

Заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады.


Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 28 тарауымен жүзеге асырылады.

Некені бұзу ерлі-зайыптылардың бірлескен келісімі бойынша, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын негізінде тіркеледі. Кәмелетке толмаған балалары болған кезде сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • 1)белгіленген өтініш формасы (4-қосымша);
  • 2)арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 4)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
  • Сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
  • 1)белгіленген өтініш формасы (5-қосымша);
  • 2)арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)некені бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • 4)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • 1)белгіленген өтініш формасы (5-қосымша);
  • 2)арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)сот үкімі жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • 4)неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 5)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Адамның атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды ҚР-дың шет елдегі мекемесі он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді. Өтініште келесі мәлімет көрсетілуі қажет:

-өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты;

-таңдаған аты-жөні, әкесінің аты;

-аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстырудың себебі.

Өтінішке қоса беріледі:

-өтініш берушінің туу туралы куәлігі;

-өтініш берушінің неке қию туралы куәлігі, егер ол некеде тұрса;

-егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік;

-егер көрсетілетін қызметті алушы некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу туралы куәлік;

-екі фотосурет.

Қажетті жағдайда өтініш берушінің аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстыруы өтінішіне байланысты себептерді дәлелдейтін құжаттар сұратылады.


Қайтыс болу туралы куәлігі

ҚР азаматтарының шет елде қайтыс болу туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 28 тарауымен жүзеге асырылады.

ҚР азаматтарының шет елде қайтыс болу туралы куәлігін рәсімдеу үшін, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • 1)белгіленген өтініш формасы (8-қосымша);
  • 2)қайтыс болу фактісін растайтын құжат (түпнұсқа);
  • 3)арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 4)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қосылған : 30.05.2017, 00:00, Өзгертілген : 30.05.2017, 00:00